Дөңгелек үстел отырысындағы баяндама жасаушыларға 7-10 минут беріледі.

            2023 жылы 23- қарашада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде “Дене тәрбиесіндегі заманауи модульдер негізіндегі оқу үрдісін жобалау” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

            Дөңгелек үстелдің мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдістәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Жалпы дөңгелек үстел онлайн және офлайн форматта өтті. Оқу жаттығу жиынындағы студенттер алдын-ала жіберілген шақырту (ссылка) бойынша онлайн қосылды. Дөңгелек үстелді модератор ойға шабуыл сұрақтарын қоя арқылы бастады.Дөңгелек үстел 3 бағыт бойынша өтті:

1. Арнайы пәндердің модульдері;

2. Биомедициналық пәндердің модульдері;

3. Педагогикалық және психологиялық пәндердің модульдері.

Дөңгелек үстел аясында сөз сөйлеген баяндамашылар қазіргі сабақтарда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдердің сабақтағы үлкен рөлін атап өтті. Көптеген мәселелер талқыланып, ұсыныстар тасталып, өзара шеберліктерімен бөлісіп қызықты да ауқымды жобалар жоспраланған, пікірталасқа толы шара өтті.

            Қатысушылардың баяндамаларынан  соң спикерлерге аудиторияны қызықтырған сұрақтар қойылды, студенттер мен оқытушылар белсенді қатысқан пікірталас орын алды.

 

Жасөспірімдер және әскери қызметке шақырылушылар арасында әскери қылмыстардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы» қызметкерлері жыл сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 14 қараш күні «ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы» қызметкерлері Д.Жармағамбетова және А.Мыңбаев «Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» РММ 10-11 оқушылары мен колледж студенттеріне арнайы дәріс жүргізді.

Кездесу барысында әскери қылмыстың жасалу фактілерін және одан аулақ болу жолдарын атап өтті. Нашақорлыққа қарсы күрес, жастардың құмар ойындарына тәуелді болуы, әр ер азамат отан алдындағы борышын өтеу керектігі туралы және тағы да басқа мәселелерді заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушы-студенттер белсенді қатысып, қойған сұрақтарына нақты жауап алды.

 

Дене шынықтыру және спорт саласының әрбір маманын оқыту процесінің үздіксіздігі спортшылардың кәсіби біліктілігін одан әрі арттыруда жүйенің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды аспект болып табылады.

«Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ оқушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2021 жылы Астана қаласында ашылған Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (бұдан әрі APEMS – Academy of physical education and mass sports) тыныс-тіршілігіне шолу жүргізді.

Шара барысында мектеп-интернат-колледждің білім алушылары Академияның ректорымен және басқа да өкілдерімен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

 

Соңғы 6 жылда еліміздің спорттық жоғары оқу орындарында мансабын жалғастыратын немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы тұрақты өсуде (2017 жылғы шығарылым – 82%, 2018 ж. – 82,3%, 2019 ж. – 83%, 2020 ж. – 83,3%, 2021 ж. – 84%, 2022 ж. – 87,2%).

Осыған байланысты, жыл сайын колледж түлектері арасында тиісті кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.

2023 жылы мұндай шара мамыр айында колледж қабырғасында өтті.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсылығын білдіруде (бейнероликті студенттер өздері әзірлеген)

Послание Главы государства народу Казахстана.

В преддверьях начала нового учебного в Специализированном колледже олимпийского резерва для студентов второго курса группы ФКиС 20-02 был проведен кураторский час посвященный ко Дню Конституции.

Қажымұқан Мұңайтпасұлына 150 жыл

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде 2020-2021 жаңа оқу жылы басталды.

Студенттердің білім алуы бекітілген кестеге сәйкес қашықтықтан оқыту форматында өткізіледі.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында колледж студенттерімен «Абай – әлем мойындаған дана ұстаз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау. Сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру.

2019 жыл түлектерінің салтанатты кеші

Биылғы жылы Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжі осымен бесінші мәрте түлектеріне қанат қақтырды. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша 2019 жылдың 40 түлегінің арасындағы 9-ы колледжді үздік дипломмен тәмамдап, біршамасы өздерінің спорт саласындағы мансабын бастап та кетті.