Дене шынықтыру және спорт саласының әрбір маманын оқыту процесінің үздіксіздігі спортшылардың кәсіби біліктілігін одан әрі арттыруда жүйенің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды аспект болып табылады.

«Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ оқушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2021 жылы Астана қаласында ашылған Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (бұдан әрі APEMS – Academy of physical education and mass sports) тыныс-тіршілігіне шолу жүргізді.

Шара барысында мектеп-интернат-колледждің білім алушылары Академияның ректорымен және басқа да өкілдерімен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

 {gallery}131120232{/gallery}