Жасөспірімдер және әскери қызметке шақырылушылар арасында әскери қылмыстардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы» қызметкерлері жыл сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 14 қараш күні «ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы» қызметкерлері Д.Жармағамбетова және А.Мыңбаев «Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» РММ 10-11 оқушылары мен колледж студенттеріне арнайы дәріс жүргізді.

Кездесу барысында әскери қылмыстың жасалу фактілерін және одан аулақ болу жолдарын атап өтті. Нашақорлыққа қарсы күрес, жастардың құмар ойындарына тәуелді болуы, әр ер азамат отан алдындағы борышын өтеу керектігі туралы және тағы да басқа мәселелерді заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушы-студенттер белсенді қатысып, қойған сұрақтарына нақты жауап алды.

 {gallery}17112023{/gallery}