Қ. Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тарихы

 «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» 1972 жылы құрылды;
1972 жылдың наурыз айында республикалық маңызға ие болды, осы уақыттан бастап мектептің құрылғаны деп, саналады. Ал, жалпы бастауыш тарихы
1960 жылы – Алматы қаласының № 6 мектеп-интернатынан басталды.           
1971 жылы – Спорттық бағдардағы № 6 мектеп-интернаты.           
1972 жылы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты.           
1989 жылы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы № 1 Алматы олимпиадалық резервінің училищесі.           
1995 жылы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Республикалық спорттық колледж.            
1998 жылы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат.          
1999 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларғы арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы» № 3002 Өкіміне орай және республика ел ордасын халықаралық спорт аренасында беделін көтеруге байланысты, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау, білім және спорт Министрінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 354 бұйрығы негізінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат Астана қаласына көшірілді.
-2012 жылы  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында спорт колледжі ашылып, Мекемеге Қазақстан Республикасы дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі атауы берілді.            Республикалық Мекеме қызметінің міндеті  Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары үшін спорт резервін даярлайтын спортта дарынды балаларды іріктеу, сонымен бірге «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 0103033 «Спорт түрі бойынша оқытушы-жаттықтырушы»  біліктігімен білікті мамандар даярлау болып табылады. Қажымұқан  мектебінің  қызмет атқару мерзімінен бастап 2020 жылға дейін мектепті 3960 түлек бітіріп шықты. 

Мектеп оқушылары мен мектеп бітірушілері арасында:  

 - Олимпиада ойындарының жеңімпаздары – 9 

- Олимпиада ойындарының  жүлдегерлері – 10;

- Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 20;

- Еуропа чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 17;

-Азия ойындары және Азия чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегерлері – 43;

-  КСРО чемпиондары – 11.

Екі түлегіміз Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламенті депутаттары болып сайланды (Д. Турлыханов, О.Шишигина).

Қазіргі таңда Мектеп 18 олимпиадалық спорт түрі бойынша спортшыларды дайындайды, 280 мектеп және колледж оқушылары (Мекеменің 400 оқушы-спортшылары ішінде) спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар құрамына енген.

70% - тен астам жаттықтырушылар, оқытушылар мен тәрбиешілер бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты мамандар сертификатына ие,   18 оқытушы-жаттықтырушылар Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар.

Қазақстан спортына еңбегі сіңген даңқты спортшыларымыз – Олимпийда ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Серіков Шәміл Керімұлы – грек-рим күресінен КСРО ЕССШ: Олимпийда ойындарының жеңімпазы (Мәскеу,1980), Европа, КСРО, Әлем, чемпионы, Әлем кубогінің иегері.

Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – грек-рим күресінен КСРО ЕССШ, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, КСРО-ның жеті дүркін жеңімпазы, КСРО Халықтары Спартакиадасының чемпионы, Әлем кубогінің иегері,  Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиада ойындарының күміс (Сеул, 1988ж) және қола (Барселона,1992ж) жүлдегері, Европа, Азия және Әлем чемпионы.

Ыбырайымов Ермахан Сағиұлы – бокстан ҚР ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сидней,2000ж) және қола жүлдегері (1996), Әлем чемпионатының қола жүлдегері,   Азия чемпионатының жеңімпазы. 

Кривошеева Ольга Юрьевна – волейболдан ҚР ЕССШ:  Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сеул 1988 г),  КСРО,  Европа жеңімпазы.        

Шишигина Ольга Васильевна – жеңіл атлетикадан ҚР ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сидней,2000ж), әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

Тихоненко Валерий Алексеевич – баскетболдан ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сеул 1988 г), Европа чемпионы.

Чебукина Елена Васильевна – волейболдан ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері,  КСРО,  Европа чемпионы.          

Люкин Валерий Викторович – спорттық гимнастикадан ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сеул,1988), КСРО,  Европа, Қазақстан жеңімпазы.

 Новиков Владимир Яковлевич – гимнастикадан ЕССШ: Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Сеул,1988),  КСРО,  Европа және әлем  жеңімпазы.          

Байрамуков Ислам Ильясұлы –  еркін күрестен ҚР ЕССШ:

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Сидней, 2000), Азия, Казақстан чемпионы.

Тенізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы – грек-рим күресінен ҚР ЕССШ: Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері,  Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, жастар арасында әлем чемпионы.

Мамыров Мәулен Сатымбайұлы – еркін күрестен ЕССШ:

Олимпиада ойындарының XXVI (США, г. Атланта 1996 жыл) қола жүлдегері,  Азия, КСРО, Қазақстан  чемпионы.                                               

Егоров Григорий Александрович – сырықпен секіруден ХДСШ:

XXIV Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Сеуле), Азия, Европа, КСРО  чемпионы.

 Кебісбаев Алмат Қадрашұлы – грек-рим күресінен ҚР ЕССШ:

екі олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының  күміс және үш дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионатынының екі дүркін жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері.

Байсейітов Бақтияр Бағашарұлы – грек-рим күресінен ҚР ЕССШ:

Азия ойындары мен Әлем чемпионытының жеңімпазы.

Иманбаев Әсет Жұмашұлы – грек-рим күресінен ҚР ХДСШ:

жастар арасында әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Азия ойындары мен Азия чемпионатының  жеңімпазы.

Баяхметов Дархан Арғынғазыұлы – грек-рим күресінен ҚР ХДСШ: екі олимпиада ойындарының қатысушысы,  әлем кубогінің иегері, Азия чемпионы.

Турчак Ольга Генадьевна – жеңіл атлетикадан  ЕССШ:

КСРО және әлем чемпионы, биіктікке секіруден Қазақстан рекордсмены.

Ильенко Наталья Ильинична – гимнастикадан ЕССШ: КСРО, әлем чемпионы.         

Алексеев Вадим Викторович – жүзуден ХДСШ: КСРО, әлем чемпионы.      

Шашерин Виктор Владимирович – конькимен жүгіру спортынан ЕССШ: әлем рекордсмены. КСРО-ның абсолютты чемпионы.

Санаров Евгений – конькимен жүгіру спортынан ХДСШ: Азия ойындарының жеңімпазы, КСРО, әлем чемпионы, олимпиада ойындарының қатысушысы.  

Сәрсекенова Кенжеш Садыққызы - конькимен жүгіру спортынан КСРО СШ:  Азия чемпионы, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы.  

Оралбаева Гүлзат – дзюдодан ҚР СШ: олимпиада ойындарының қатысушысы (Пекин, 2008), жастар арасында Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Выгузова Ирина Владимировна – суға секіруден ХДСШ: Әлем кубогінің иегері.

Ермакова Евгения Викторовна – жүзуден ХДСШ: Европа кубогінің күміс жүлдегері, КСРО жеңімпазы.

Алябьева Анна Розматовна – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ: Олимпиада ойындарының қатысушысы, (Лондон, 2012), Азия ойындары мен азия чемпионатының жеңімпазы.

Красникова Аида Андреевна – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ: XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы.

Жақыпов Самат – еркін күрестен ҚР ХДСШ: жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері,  Олимпиада ойындарына лицензия иегері.

Қайсанов Данияр Алібекұлы - еркін күрестен ҚР ХДСШ: ересектер арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қайпанов Нұрқожа Аралбекұлы – еркін күрестен ҚР ЕССШ: ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Бүкіләлемдік әскерилер ойындарының күміс жүлдегері.

Ақшалов Мерей Төлегенұлы – бокстан ҚР ЕССШ:

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Әлем және Азия чемпионы.

Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы – мәнерлеп сырғанаудан ҚР ХДСШ: Қысқы Азия ойындарының және ІІ қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындарының  қола жүлдегері,  2018 жыл Кореядағы Олимпиада ойындарының  лицензия иегері. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері. Ресми жарыстарда төрттік секіруді (сальхов) аяқтаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы. Спорт саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Жылдың үздік спортшысы» номинациясындағы «Халық қалаулысы - 2019» Қазақстандық ұлттық сыйлығының лауреаты.

 

КСРО және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылар:

Еркін күрес:

- Ғабсаттаров Аманкелді Рашатұлы;

- Иманқұлов Аскарбек Сқақұлы;

- Қапанов Мұсабек Капанұлы;

- Нұрманов Рамазан;

- Өтешов Луғат Жұмаханұлы;

- Ушанов Олег Жанович;

- Әбілғазин Яркам Нұртазаұлы;

- Әбдірашов Асқар Әбікенұлы.

Бокс:

-Манашев Жанат Мергенұлы;

-Жарылғасынов Қайыр Сәліұлы;

-Есжанов Бейбіт Бұркітұлы;

-Манашев Қайрат Мергенұлы;

-Манашев Марат Мергенұлы;

-Нұрмағанбетов Ақылбек;

-Ігібаев Азамат Маратұлы;

-Еркебаев Асқар Берікбайұлы.

Баскетбол:

-Ким Олег Львович.

Грек-рим күресі:

-Қошаев Меркіжан Нағашбекұлы;

-Сағындықов Танат Омірзақұлы;

-Қангелдиев Әділжан Карібайұлы;

-Нұрғазин Рысбек Рамазанұлы;

-Лукьянов Валерий Константинович;

-Асубаев Берік Жұмағалиұлы;

-Рахметов Мейірхан Витальевич.

Дзюдо:

-Жаналин Бауыржан Секербекұлы;

-Қасымов Садет Әзімқұлұлы;

-Данияров Болат Мырзағазыұлы.

Көркем гимнастика:

-Красникова (Янчукова) Светлана Дмитриевна;

-Есикова Екатерина Николаевна;

Байдарка мен каноэда есу:

-Қалиақпаров Асхат Қанатұлы;

-Станкеев Максим Петрович;

Ауыр атлетика:

-Сидоров Александр Артемович;

-Әділғазин Дәулет Маратұлы;

Шорт - трек:

-Ли Леонид Николаевич;

Велоспорт:

-Березин Владимир Анатольевич;

Жүзу:

-Шегай Михаил Иванович;

-Кудрявцев Александр Алексеевич;

Қыздар футболы:

-Жамантаев Айтпай Саяжанұлы.

Әйелдер күресі:

-Сағадиев Қайрат Жұманұлы.

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкерлері:

-Әділбаева Ләйлә Сотбекқызы;

-Тертус Галина Николаевна;

-Байырова Светлана Ақанжанқызы;

-Молдашаева Сара Жапсарбайқызы;

-Смағулова Гүлнар Қабдоллақызы;

-Канапьяева Эльмира Абпасқызы;

-Чиркова Татьяна Николаевна.

     Мектеп ұжымының жоғары кәсіби және біріккен жұмысының нәтижесінде, біздің оқушылар мен студенттер қазіргі уақытта да әлем біріншіліктерінде жеңімпаз және жүлдегер атануда.

Оқушылар мен студенттердің 2015-2020 жылдар аралығындағы спорттық жетістіктері:

Кұмарова Нурай – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

Азия ойындарының қола жүлдегері, ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Гуслякова Виктория  - көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

Азия ойындарының қола жүлдегері, ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Қожахат Әмина - көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

Азия ойындарының қола жүлдегері, ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Окенов Абзал – еркін күрестен ҚР СШ:

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылдың «Үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы.

Науатбек Ақмарал –дзюдодан ҚР СШ:

Европа, Азия чемпионы. Қазақстанның тоғыз дүркін жеңімпазы, Оқу озаты -120 балл ҰБТ-2016 жыл, Үздік аттестат иегері.  

Әбілхан Ерлан –  еркін күрестен ҚР СШ:

Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ерменбет Жасұлан  еркін күрестен ҚР СШ:

Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Руденко Екатерина – жүзуден ҚР ХДСШ:

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қазақстан чемпионы.  

Өдірбаев Азамат – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Емельянов Тимофей – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

Әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Емельянов Сергей – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

Бүкілдүниежүзілік студенттер универсиадасының жеңімпазы, Әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Ананченко Зоя – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

Олимпиада ойындарының қатысушысы,  Әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы.

Абсинская Кристина – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы.

Ким Александра – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ:

Әйелдер каноэсы бойынша әлем кубогінің екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы.

Бақытжан Әбілхасан – таеквондодан ҚР СШ:

Әлем чемпионатының жеңімпазы, 2017 жылдың «Үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы.

Шатовкин Сергей – велоспорттан ҚР ХДСШ:

Жабық ғимараттардағы Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Марухин Данил – велоспорттан ҚР ХДСШ:

Әлем кубогінің күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы

Нагай Анита – шорт- тректен ҚР СШ:

ІІ қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындарының  қола жүлдегері.

Мусин Әділбек – жүзуден ҚР ХДСШ:

Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионатының қатысушысы (4 –орын), ҚР рекордсмены.

Бекенов Мерей – грек-рим күресінен ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионы.

Тоғамбай Сағындық – бокстан ҚР ХДСШ:

Азия чемпионатының 3-дүркін жеңімпазы, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Оралбай Нұрбек – бокстан ҚР ХДСШ:

жастар арасында әлем чемпионы, жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Оралбай Айбек – бокстан ҚР ХДСШ:

ІІІ Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жеңімпазы, жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Давлатов Шерзод – дзюдодан ҚР СШ:

 жасөспірімдер арасында  екі дүркін Азия чемпионы.

Сүлейменов Мейрамбек – еркін күрестен ҚР СШ:

жасөспірімдер арасында Азия чемпионы.

Тілекенова Адиля – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

ХVІІІ Азия ойындарының жеңімпазы. Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, үш дүркін күміс және үш дүркін қола медаль иегері,

Бакатова Сәбина – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, күміс және қола жүлдегері.

Ертайқызы Айбота – көркем гимнастикадан ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері.

Қошқар Дін-Мұхамед – грек-рим күресінен ҚР СШ:

жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының жеңімпазы, күміс және қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Мұхамадиев Асаухат – грек-рим күресінен ҚР ХДСШ:

 жастар арасында Азия чемпионы.

Әлмағамбетов Әнуар – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ: жастар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және күміс жүлдегері.

Муфтуқұлы Нұржан – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ: жастар арасында Азия чемпионы.

Айтбай Береке – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ:

жастар арасында Азия чемпионы.

Разумович Дарья – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ:

жастар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

Аманкелді Әсия  ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ: жастар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, күміс және қола жүлдегері.

Алмағамбет Дильназ – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР СШ: жастар арасында Азия чемпионы және қола жүлдегері.

Еркебаева Гүлмарал – әйелдер күресінен ҚР ХДСШ:

23 жасқа дейінгі ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік әскерилер ойындарының қола жүлдегері.

Қасымова Аяулым – әйелдер күресінен ҚР ХДСШ:

ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Сайлау Мақсат – грек-рим күресінен ҚР СШ:

жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сабаз Бағдат – грек-рим күресінен ҚР СШК:

кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, І Дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарының жеңімпазы.

Суханова Стелла – ескек есуден (байдарка және каноэ) ҚР ХДСШ:

ІІІ Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Курносова Марина – велоспорттан ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионы.

Хамзина Эльвира – велоспорттан ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионы.

Чугай Андрей – велоспорттан ҚР ХДСШ:

ересектер арасында Азия чемпионы.

Мухамедьянов Темірлан – велоспорттан ҚР ХДСШ:

23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионы.

Пронский Данил – велоспорттан ҚР ХДСШ:

жастар арасында Азия чемпионы.

Насен Айбек, Клименко Валерий, Ыбыраев Есей, Садовников Вадим – шорт-тректен ҚР СШ:

І Қысқы «Азия Балалары» халықаралық ойындарының жеңімпаздары.

Ермек Малика, Нұрланова Інкәр  – шорт-тректен ҚР СШ:        

І Қысқы «Азия Балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегерлері.

Joomla Plugins