Студенттік өмір-игі өмірдің бастауы!

2017 жылы қарашаның 15-ші жұлдызында олимпиада резерві колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау» атты дәстүрлі мерекелік шара өз жалғасын тапты. Мекеме басшысы І-курс студенттеріне арналған ізгі-ниеттері мен тілектерін айтып, ақ жол тіледі. Мерекенің концерттік бағдарламасында жоғары топ студенттері де өнер көрсетті. Бұл шара колледжде жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Қалалық экологиялық сенбілікке қатысу

Жалпықалалық сенбілік аясында 2018 жылдың 21-сәуірінде мекеме территориясын көріктендіру мен көгалдандыру шаралары өткізілді. Сенбілік аясында гүл және ағаш отырғызу, сонымен бірге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Жастардың ұлттық санасын жаңғырту мақсатындағы діни құндылықтардың рөлі» атты дөңгелек стөл

2018 жылдың 26 сәуірінде колледжде «Жастардың ұлттық санасын жаңғырту мақсатындағы діни құндылықтардың рөлі» атты дөңгелек стөл өтті. Аталған іс-шараға Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері мен колледж басшылығы, оқытушылар құрамы, оқушылар мен студенттер ат салысты.

«Түлектер аллеясына ағаш отырғызу» жыл сайынғы дәстүр

Студент жастарды қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған, ағаштарды отырғызуға жұмылдыру ең маңызды іс-шаралардың бірі. Осы орайда 2018 жылғы 10 мамырда олимпиада резерві колледжінің 3 курс түлектері дәстүрге айналған «ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ» атты жыл сайынғы дәстүрді жалғастырды.

«Тәуелсіздік туы астында»

Егеменді елдің еркін ұландары, оқу орнындағы білім алушы спортшылардың аға буыны болып табылатын колледж студенттері жыл сайынғы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында үлкен мерекелік іс-шараның өтілуіне ұйытқы болады.

Біздің түлектер

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжі дене шынықтыру және спорт саласының мамандарын даярлауда және спортшылардың кәсіби деңгейін шыңдауда жан-жақты жағдай жасалған бірден-бір оқу орны.

Ұстаздар күні

2017 жылдың 30-шы қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі қабырғасында ұстаздар күні қарсаңында екінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Колледж студенттерінің спорт кешендері мен оңалту орталықтарына баруы

Кәсіби біліктілік пен дағдыларын дамыту мақсатында колледж студенттері заманауи жаттығу құрылғыларымен және спортшылардың қайта қалпына келуі жолдарымен танысуға мүмкіндік беретін спорт кешендері мен оңалту орталықтарына барып отырады.

Колледж студенттері мәдени шаралар аясында

Студенттік өмір тек білім мен ғылым бағытымен шектелмейді. Студенттердің қоғамымызда өз орынын тауып, дұрыс бағытқа бұру үшін отансүйгіштікке, мейірімділікке, достық пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтін көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырылады.

Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы мамандарымен өткізілетін семинарлар

Спорт ғылым мен өнерден ғана тұрмайды, оны сондай-ақ бірегейлілік пен көпқырлылығы құрайды. Спортшылардың нәтижелік көрсеткіштеріне көптеген факторлар ықпал етеді: