Астана қаласында, 2024 жылдың 20 сәуірінде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларын Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламарымен ақпараттандыру және кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен «Колледждер жәрмеңкесі» өткізілді. Бұл, ауқымды іс-шараға, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат- колледжінің оқытушы-ұстаздары қатысып, колледждің білім беру бағдарламасымен таныстырды.
Оқушылар тарабынан қызығушылық пайда болып, келешекте спорттық білім алуға ниет білдірілді.

Бүгің, 18 сәуірде, Астана қаласында орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде "Дети Азии" халықаралық спорттық ойындары ұйытқы болған "Путь к Олимпу" атты білім бағдарламасы өтті.
Алдымен, мекемеге қарасты "Қажымұқан" спорт кешеңінде бокстан және дзюдодан шеберлік сабақтары өтті. Осы ойындардың түлектері: бокстан Әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов және дзюдодан Азия чемпионы, Әлем Кубогы иегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Айбек Имашев спортшы-балалармен өз шеберліктерімен бөлісті. Мастер-класстардан кейін автограф-сессия орын алды.
"Путь к Олимпу" білім бағдарламасының салтанатты ашылуында "Дети Азии" халықаралық комитенің президенті Владимир Максимов жиналған қатысушыларға сәттілік тілеп өз сыйлығымен бөлісті.
Қарымта сөз кезегінде Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының басшысы Мерей Ақшалов ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, салт-дәстүрімізге сай, алыстан ат терлетіп келген мәртебелі қонақтың иығына шапан жауып, арнайы құрмет көрсетті.
Содан кейін, мекеме спортшылары (14-16 жасар) үш топқа бөлініп, білім бағдарламаларын бастап кетті: допингке қарсы іс-әрекеттер жолы, спорттық психологияны дамыту жолдары және ойындардың тарихы туралы сабақтар мен тестер жүргізілді.
Іс-шара соңында, қатысушыларға арнайы осы халықаралық ұжымның сертификаттары тапсырылды.
Қазақстандағы Саха (Якутия) Республикасының күндері ертен жалғасын тауып, басқа да іс-шаралармен өтеді.

 

          Балалармен жол- көлік  қозғалысы ережелері туралы әңгімелесу  - білім беру мекемелерінің басым міндеттерінің бірі және әрқашан өзекті де  маңызды.

       2024 жылғы 16 сәуірде «Қ. Мұңайтпасов атындағы  ОРРММИК» РММ  жол оқиғаларының  алдын алу бойынша полиция капитаны, патрульдік полиция қызметкерімен кездесу өткізді. Онда жолда жүру ережелерін сақтау, нақты өмірлік оқиғалар мен олардың салдарын талдау тақырыптары қозғалды, жолдағы төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс үлгілері пысықталды. Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтаймыз!».

        Кезекші полкінің патрульдік полиция капитаны Ануарбек Абзал Ануарбекұлы балаларға жол қозғалысы ережелері туралы еске салып, ЖҚО-ға түсуіне әкелетін әдеттегі қателіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар, оқушылар жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбына арналған бірнеше бейнероликтерді тамашалады.

       Абзал Әнуарбекұлы балаларға сұрақтар қойып, жолды кесіп өту-неге апаратынын түсіндірді. Оқушыларды Астана қаласының аумағындағы балалардың қатысуымен болған ЖҚО статистикасымен таныстырып, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқтады. Әңгімелесу соңында полиция қызметкері балаларға жолды абайлап өтіп, өз өмірлеріне мұқият болуға шақырды.        Кездесу соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  А.Қ.Қалиева мен мектеп ұстаздары автоинспекторға қызықты және пайдалы кеңесі үшін алғыс айтса, ал оқушылар жолда мұқият болуға және Жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтауға уәде берді.

 

Жуырда, София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан дәстүрлі "Palms Music" атты халықаралық турниры өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің жетекші екі гимнасшы қыздары қатысып, біреуі жүлделі орынға ие болды.
2023 жылғы Ханьчжоу қаласында өткен (Қытай) Азия ойындарының күміс жүлдегері -
Эрика Жайлауова, осы жолы көпсайыста үшінші орынды иеленсе, доптық бағдарламасы финалында тағы да үшінші орынға табан тіреді.
Мектеп спортшысы Айым Мейіржанова көпсайыс қорытындысы бойынша, ұпай санымен, төртінші орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
Екатерина Есикова бастаған жаттықтырушылар тобына сәттілік тілейміз!

2024 жылдың 12 сәуірінде, Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне жаңа басшы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серіков Роллан Серікұлы, мекеме қызметкерлерін төраға бұйрығымен таныстырып, Ақшалов Мерей Төлегенұлы осы лауазымға тағайындалғаның мәлімет етті.
Естеріңізге салсақ, су жаңа басшы осы мектептің 2005 жылғы түлегі, бокс бөлімінің нұсқаушы-спортшысы.
1988 жылы 8 мамырда Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы. 2013 жылдың Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылдың Қазақстанның "Жыл спортшысы". 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.
"Құрмет" орденімен марапатталды.
Еңбек жолын Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып бастады. Кейін, қалалық жоғарғы спорттық шеберлігі мектебі, спорт мектебі директорының орынбасары, директоры болып жалғастырды.
ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінде,
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары лауазымдық қызметтерін атқарды. Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болды. Соңғы жұмыс орны - ҚР Туризм және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитеті, спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушы.

Қызылжар елді мекенінде күрес түрлерінен, әр жастағы спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда.
Алдынғы күндерде еркін, әйелдер және U-20 арасындағы грек-рим күрес түрлерінен чемпионаттар өз мәресіне жеткен еді. Осы жолы, грек-рим күресінен, жасөспірімдер арасында (U-15), әр салмақ дәрежесінде, бірінші күн сайысы аяқталды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің палуандары жарысты сәтті бастап, келесі нәтижелерге қол жеткізді: 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде Дінмұхамад Нағиев (8 сынып оқушысы) және
Мирас Махамбет (57 кг., 9 сынып оқушысы) алтын медаль иегері атанды!
8 "А" оқушысы
Бекарыс Солтанқұл (85 кг) үшінші орынға ие болып, Ұлттық чемпионаттың қола медалін мекеме сандығына салды.
Әзірше, "қажымұқандықтар" осы күрес түрлері бойынша (U-15 және U-20) медаль саны бойынша, ешкімге дес бермей, алдынғы қатарды басуда.

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушылары тәрбие бөлімінің жетекшісі Гүлбаржан Авуталивтың ұйымдастыруымен атақты Қажымұқанның кіндігі тамған жеріне барып, мұражайға саяхат жасап келді.
Бұл іс-шара Қажымұқан Мұңайтпасұлының 153 жылдығына арналған еді. Астана іргесінде орналасқан Қажымұқан ауылына мекеменің спортшы-балалары жыл сайын барып, керемет әсер алуда. Не бары 20-25 шақырымда орналасқан ауылды-мекенде Қажымұқанның мүсіні мен музейіне бару-ол тарландарымыздың, жылдар бойы, қалыптасып қалған парызы.
https://www.instagram.com/reel/C5i0WFHtEhj/?igsh=cThuZ3d2aXh0NXpu

Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде кеңейтілген педагогикалық кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шарада мекеменің спорт әдіскері Нұрлан Ниязбаев қысқы спорт түрлері бойынша есеп берді. Шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері - мектептегі, нәтиже бойынша, алдынғы қатарда тұрған спорт бөлімшелері. Баяндама бағытында осы спорт түрлерінің есеп пен жоспарлары айтылып, мақсаттары да белгіленді.
Оқу әдіскері Райгүл Закирова қызықты және әсерлі баяндамасы көпшіліктің көңілінен шығып, оң бағаға ие болды. Ақпаратқа толы әнгімесінде, жиналған қауым көп нәрсені ақылға түйіп, тізіп, сіңдіріп алды.
Колледж әдіскері Қымбат Бапишева студенттердің тыңыс-тіршілігімен таныстырып, жаңадан қолданылатын заңнамалар мен оқу ережелерін атап өтті.
Сұрақ-жауап форматында аяқталған іс-шарада көптеген тың деректер мен мәліметтер анықталып, жиналған қауымды мазалап жүрген сауал/жауаптары қаңағаттандырылды.

Осы күндері, Қызылжар аймағында, грек-рим күресінен жастар арасында (U-20) Қазақстан чемпионаты өтуде.
Еркін және әйелдер күресі бойынша алдында өткен Ұлттық чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің палуандары сәтті өнер көрсетіп, жұлдыздай жарқыраған еді.
Мекеменің грек-рим күресінің қас шеберлері болса әріптес-достарының нәтижелерінен асып түсіп, жалпы мектептің бейресми жеңіс ұпай сандарын бір шама жақсартты.
Атап өтсек, солтүстік кілемде 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде, студентеріміз: Айбек Айтбеков, Омар Дүйсенбек (77 кг.) және Бағлан Қуаныш Қазақ Елінің чемпионы атанып, алтын медальдарын мойындарына тақты!
Колледж студенттері: Айбат Рахым (55 кг ) мен Бағдат Сабаз (67 кг.) жеңіс тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, Қазақстан чемпионатының күміс медаль иегері атанды.
Ал, Есбол Шамилов (63 кг.), Санжар Құдайберген (82 кг.) және Серғазы Әбдіқадірлер (67 кг.) болса, қола жүлдеге ие болды.
Тамаша жетістіктермен жаттықтырушылар мен спортшылар өз ара бөлісіп, жеке бапкерлеріне, аймақтағы ұстаздарына да барша алғыстарын айтуда.
Грек-рим күресі бөлімшесі - ең үздік екендерін, тағы да бір мәрте дәлелдеді.

В г. Шымкент, с 3 по 7 апреля, прошел Чемпионат Казахстана по художественной гимнастике среди девушек по многоборью.
В составе сборной команды г. Астана участвовали спортсмены РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова: Акмарал
Ерекешева, Дария
Кушербаева и Айганым
Рысбек.
По результатам данного чемпионата гимнастки школы, в
командном многоборье, завоевали золотые медали!
В личном многоборье "художницы" распреледили призовые места между собой!
Чемпионкой страны стала А.Ерекешева, серебряной медалисткой
Д. Кушербаева и бронза досталась
А. Рысбек!
Поздравляем тренеров -преподавателей отделения художественной гимнастики РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова с абсолютным результатом в национальном Чемпионате!

В г. Шымкент, с 3 по 7 апреля, прошел Чемпионат Казахстана по художественной гимнастике среди девушек по многоборью.
В составе сборной команды г. Астана участвовали спортсмены РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова: Акмарал
Ерекешева, Дария
Кушербаева и Айганым
Рысбек.
По результатам данного чемпионата гимнастки школы, в
командном многоборье, завоевали золотые медали!
В личном многоборье "художницы" распреледили призовые места между собой!
Чемпионкой страны стала А.Ерекешева, серебряной медалисткой
Д. Кушербаева и бронза досталась
А. Рысбек!
Поздравляем тренеров -преподавателей отделения художественной гимнастики РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова с абсолютным результатом в национальном Чемпионате!

30 наурыз-4 сәуір аралығында, Түркістан қаласында "Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XXII жастар арасындағы халықаралық турнир" өтті.
4 сәуір-былғары қолғап шебері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 2000 жылғы Сидней қаласында (Аустралия) өткен Олимпиада ойындарындағы бокстан 57 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Бекзат Саттархановтың дүниеге келген күні.
Қасиетті Түркістан өлкесі тумасының есімі тарихта алтын әріппен жазылғаны баршамызға белгілі.
Тағдырдың жазуымен, 20 жасар қазақтың мақтанышы, сол, 2000 жылдың 31 желтоқсанында, жол апаты кесірінен, бақилық болды.
Өзі кетсе де, есімі мәңгі қалды. Шеберлігі мен жігерлігін үнемі ойымызда сақтаймыз.
Ал, аталған турнирге келсек, бұл сайыста жау жүрек, мың балалар өз ара жігіт сұлтаның анықтады.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің боксшысы да намысты қолдан бермей қанжығасын майлады.
54 келі салмақ дәрежесінде Әли Мұрат финалдық бәсекеге дейін сүрінбей жетіп, ақтық кезеңде ғана азулы қарсыласына, ұпай санымен, жол беруге мәжбұр болды. Күміс медаль! Жарайсың, Әли!
Спортшымыздың жеке бапкері, мекеменің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Қанат Махамбетовты шәкіртінің жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бағындырар белестері көп болғай, баламыздың!