Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде 2020-2021 жаңа оқу жылы басталды.

Студенттердің білім алуы бекітілген кестеге сәйкес қашықтықтан оқыту форматында өткізіледі.

Оқу жылының басталуына дейін колледж оқытушылары қашықтықтан оқыту бойынша біліктілік көтеру курстарынан өтіп, білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында оңтайлы платформалар таңдалды.

Мекеме әкімшілігі және колледж оқытушлары студенттерді бейне байланыс арқылы Білім күнімен және Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады.