2019 жыл түлектерінің салтанатты кеші

Биылғы жылы Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжі осымен бесінші мәрте түлектеріне қанат қақтырды. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша 2019 жылдың 40 түлегінің арасындағы 9-ы колледжді үздік дипломмен тәмамдап, біршамасы өздерінің спорт саласындағы мансабын бастап та кетті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев және бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысып, түлектерге «Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы» біліктілік дипломдары табысталды. Өз сөзінде құрметті қонақтар түлектерді жаңа өмірге, кемелдікке бастау алар қадамдарымен құттықтап, мансаптарында сәттілік тіледі.