Қажымұқан Мұңайтпасұлына 150 жыл

Көрнекті балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойына арналған        іс-шаралар шеңберінде Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінің бірінші курс студенттері арасында әлемдегі ең мықты балуандардың бірі атанған Қажымұқан бабамыздың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.           

          Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақстандық патриотизм, жауапкершілік, шынайылық, құрмет, Отанға, халықтың тарихына деген сүйіспеншілік сияқты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген құндылықтарды дарыту, қазақстандық спорт тарихы және оның қалыптасуы туралы білімді қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында студенттер француз күресінен қазақтар арасында алғашқы әлем чемпионының спортшы ретінде қалыптасуы,  өмірі және тарихымен таныстырылды, сонымен қатар, студенттер өзара Мұңайтпасовтың өмірінен қызықты фактілермен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына ұлы баба өмірінің қиындықтары мен оның жасаған ерлігі туралы баяндайтын бейне материал ұсынылды.