Дөңгелек үстел отырысындағы баяндама жасаушыларға 7-10 минут беріледі.

            2023 жылы 23- қарашада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде “Дене тәрбиесіндегі заманауи модульдер негізіндегі оқу үрдісін жобалау” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

            Дөңгелек үстелдің мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдістәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Жалпы дөңгелек үстел онлайн және офлайн форматта өтті. Оқу жаттығу жиынындағы студенттер алдын-ала жіберілген шақырту (ссылка) бойынша онлайн қосылды. Дөңгелек үстелді модератор ойға шабуыл сұрақтарын қоя арқылы бастады.Дөңгелек үстел 3 бағыт бойынша өтті:

1. Арнайы пәндердің модульдері;

2. Биомедициналық пәндердің модульдері;

3. Педагогикалық және психологиялық пәндердің модульдері.

Дөңгелек үстел аясында сөз сөйлеген баяндамашылар қазіргі сабақтарда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдердің сабақтағы үлкен рөлін атап өтті. Көптеген мәселелер талқыланып, ұсыныстар тасталып, өзара шеберліктерімен бөлісіп қызықты да ауқымды жобалар жоспраланған, пікірталасқа толы шара өтті.

            Қатысушылардың баяндамаларынан  соң спикерлерге аудиторияны қызықтырған сұрақтар қойылды, студенттер мен оқытушылар белсенді қатысқан пікірталас орын алды.

{gallery}27-11-2023{/gallery}