Кітап – білім бұлағы

2019 жылғы 26 сәуірде Олимиада резервінің мамандандырылған колледжінің студенттері Астана қаласының «Көрме орталығында» өткізілген «Eurasian Book Fair – 2019» атты ІV Евразиялық халықаралық кітап көрмесіне барды.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Ашық есік күндері»

2019 жылғы 23 ақпанда Еуразия ұлттық университетінде бас қаламыздың және Акмола облысы, Павлодар, Семей және Қарағанды қалаларының мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне арналған ашық есік күндері өткізілді.      

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары»

2019 жылғы 23 қаңтарда Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы «Нұр әлем» павильонында "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Happy DISKO»

Желтоқсан айының 20 күні жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектеп-интернат-колледж спортшы-оқушылары үшін «Жастар» театрында «Happy DISKO» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында көңілді сайқымазақтар мен әртүрлі жан - жануарлардың бейнесіндегі әртістер қойылымдар қойып спортшы-оқушылардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Чествования звезды фигурного катания Турсынбаевой Элизабет

Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында мектебімізде мәнерлеп сырғанаудан «Мұз айдынының ханшайымы» Қазақстанды әлемге танытып, абыройымызды асқақтатып жүрген жалғыз мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны ұлықтау кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар, спорт жанашыры кішкентай ханшайымның әкесі Байтақ Тұрсынбаев та қонағымыз болды. Кездесу барысында мектебіміздің басшысы биік шыңнан көрініп жүрген, жас спортшымызға ақ тілегін арнады. Жас та болса, нағыз батыл қызға сұрақтар қойылып, өмірбаянымен жақынырақ таныстық. Әкесінің аузынан кішкентай кезіндегі әдемі естелік болып қалған, қызықты сәттерді естідік.

"АТЛАНТ" ортопедия оңалту және спорт медицина орталығына танымдық экскурсия

Дәстүр бойынша жыл сайын колледж студенттері функционалды сауықтыру және ортопедиалық оңалту саласында жоғары білікті медициналық көмек көрсететін «Атлант» мамандандырылған орталығына барып, мамандарымен бірге орталықтың көрсететін қызметтерімен танысты.

2018 жылдың 19 қазанында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемелекеттік мекемесі қабырғасында бірінші курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтті.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын таныстыру мақсатында  Елбасы Жолдауы трансляциясын көру ұйымдастырылып, жалпы колледж бойынша кураторлық сағаттар өткізілді.

«Сәт сапар, жас маман» атты 2018 жылғы олимпиада резерві колледжінің бітіруші түлектерінің салтанатты кеші

2018 жылдың 19 маусым күні сағат 16.00-де «Сарыарқа» Республикалық велотрек спорт кешенінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Сәт сапар, жас маман» атты 2018 жылғы бітіруші түлектерінің салтанатты кеші өтті.

Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай «Елдің төрі - Елорда» атты көрмеде қонақта

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай