Білім алушылардың мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтуі – арнаулы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарының игерілу деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін шара.

Курстық жұмысты қорғау

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінің 2019 жылғы түлектерінің арасында оқу мекемесінде білім алудың қорытынды кезеңінде өткізілетін курстық жұмысты қорғау шарасы жүргізілді.

Кәсіби даярлықты, біліктілікті растау мен беру сапасын тәуелсіз бағалау.

2019 жылдың 5-ші сәуірінде колледж тулектерінің кәсіби дайындық  сапасын бағалау, мақсатына  тестілеу жұмыстары өткізілді. Бұл шара біліктілікті растауда және  беруде мамандардың дайындық деңгейінің біліктілік талаптарына сай болуын бақылау үшін жүргізіледі. Біліктілік емтихандарын тәуелсіз біліктілік комиссиясы өткізеді, оның құрамына білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері қатысады.

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде 2018-2019 оқу жылының басталуы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2018-2019 оқу жылына 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 0103033 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша білім алушыларды қабылдау жүзеге асырылды. Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша күндізгі оқу бөлімінің бірінші курсына 40 студент қабылданды, қазіргі таңда колледжде барлығы 120 адам білім алуда.

Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК талапкерлеріне қабылдау емтихандарын өткізу

Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-не түсу емтихандары түсушілердің өтінішінтеріне сәйкес қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Защита курсовой работы

После завершения курса «Теория и методика физ ического воспитания» и «Педагогика» студенты 3 курса защищают курсовую работу. Целью работы является углубление и закрепление теоритических знаний по дисциплинам и развитие студентами навыков самостоятельного углубленного изуения из разделов курса.

Білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылау

Білім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау

Мекеменің білім беру қызметін жүзеге асыру барысында білім беру нәтижесіне  үнемі ішкі сараптамамен қатар сыртқы сараптама жүргізу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Колледж жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерінің 2018 -2019 жылға жоспары

Олимпиада резерві колледжінің оқу-әдістемелік жұмысы

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010303 3 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша білім алушыларды қабылдау техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде уәкілетті органы келісімі бойынша жүзеге асырылады.