29 октября 2023 года в РСШИКОР им. Х. Мунайтппсова прошла встреча с родителями вновь прибывших спортсменов в этом учебном году.
Темой встречи были вопросы алгоритмов поведения в ситуации травли среди подростков и роли родителей в профилактике буллинга.
Встречу провела психолог учреждения Гульмира Кармысова.

 

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, 2023-2024 оқу жылына келіп түскен спортшылардың ана-аналарымен кездесу өтті.
Бұл жиында қарастырылған мәселелер: жасөспірімдер арасындағы бір бірің жәбірлеу жағдайларында ата-аналардың тәртіп алгоритмдерінің нұсқаулары, буллингті алдын алу сұрақтары қарастырылды. Кездесуді өткізген мекеменің педагог-психологы Гүлмира Кармысова.

 
Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-де, 2023 жылдың 25 қыркүйегінде мекеменің тәрбие беру бөлімінің ұйымдастыруымен, жоспарға сай, арнайы кездесу өтті.
Мектеп-интернат-колледждің спортшы-балалары Астана қаласы криминалдық полиция өкілдерінің қатысуымен отырысқа жиналды.
Күн тәртібінде: оқу мекемесінде буллинг, бір бірін мәжбірлеу, күш көрсету, қоқан-лоқы әрекеттерге жол бермеу туралы сұрақ-мәселелер қозғалды.
Отырыс барасында полицияның оперативтік қызметкері, аға лейтенанты Бижанов С.С. балаларға түсініктеме ретінде, оларды 14 жастан бастап, Заң бойынша, қылмыстық іске тартылуы мүмкіндгі туралы баяндаманы айтып берді.
Оған қоса, ювеналдық полиция қызметкерлері: майор Жақсыбаев Д.Б. және майор Садуақасова А.С. жиналған қауымға Ел Ордада, балалардың қатысуымен болған қылмыстық істер туралы анықтамаларды атап өтті.
Қылмысты алдын алу және болдырмау іс-шаралары одан ары өз жалғасын табады.
 
Оперуполномоченный старший лейтенант
Старший оперуполномоченный майор Бижанов с.с. және
 Жаксыбаев д.б.
Садвакпсова а.с. ювенальная полиция

Кримигальная  полиция

 

        2023 жылдың 23 қырқүйек күні  Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде  10 «А» сынып ата-аналарымен «Ел ертеңі -жас ұрпақ» бағдарламасы аясында «Бақытты бала- саналы ата- ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

    Ата-аналар жиналысына мек­­теп  психологі Кармысова Гүлмира Сансызбаевна қатысты. Гүлмира Сансызбаевна мен ата-ана­лар арасында ашық пікір ал­масу алаңы қалыптасып, «Буллингті болдырмау» тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналарға нұсқаулықтар  берілді және сынып жетекшісінің  ата-аналар үшін арнайы әзір­леген  тренинг жүргізілді.

Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты.


Бүгін, Астана қаласы әуежайына, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы-Ризабек Айтмұхан келіп түсті.
Салтанатты қарсы алу рәсіміне көптеген жұрт жиналып батырымызға құрмет пен қошемет көрсетті.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің ұжымы өз түлегін қушақ жая қарсы алды.
Мекеме басшылары, жаттықтырушылары және спортшылары әуежай төрінде чемпионның аяғын жерге тигізбей марапатты жаудырды.
Ризабек-біздің мақтанышымыз!
Халық саған риза, Ризабек!

 

Тілдер апталығында 2023 жылдың 12-қыркүйегінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» мәдениет залында «Тіл-ұлттың тірегі» атты 7-9 сыныптардың қатысуымен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты:
1. Оқушыларды ана тілінің қадір –қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Оқушылар өздерінің өлең жолдарын мәнерлеп оқу, актерлық шеберліктерін, би өнерлерін көрсетті.
Мектеп мұғалімдері Макышпекова Ж.К. және Мусакулова Н.С. концерттік бағдарламаны қызықты және ұлттық сана-сезімді арттыру жағынан пайдалы түрде ұйымдастырып, көрермендердің көңілінен шықты.

«Білгірлер» сайысы өтті

2023 жылдың 11-қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 «В» сыныбында қазақ тілінен орыс сыныбы оқушыларының арасында тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Білгірлер» сайысы өткізілді. Сайыс барысында екі топқа бөлінген сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсеткен қызу тартыс болды.


Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, жоспар бойынша, спортшы-балаларға арналған психолгиялық іс-шаралар жүруде.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде, мектеп психологы Гүлмира Қармысова, мекеменің бокс бөлімі спортшыларымен жаттығу жүктемелеріне психологиялық дайындық және биылғы оқу жылы келген споршылардың адаптациясына арналған тренинг өткізді.
Жұмыс жоспарға сәйкес, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, спортшылардың қосымша "ішкі күш дүниелері" сыртқа шығарылынады.
Өзімдік психологиялық методикалары бар маман, келешекте, қалған спорт бөлімшелерімен жұмыс жасауға әзір.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің грек-рим күресі бөлімінің спортшыларымен "Қалай тәлімгер болу керек екендігі туралы және соңын ережелері" атты, топтық жұмыс мекеме психологымен ұйымдастырылынып, әдеттегідей сәтті өтті.
Келесі кезеңде-басқа спорт бөлімімен тренинг өткізу.

 

В г. Алматы, в эти дни, проходит Чемпионат Казахстана по гребле на байдарках и каноэ среди разных возрастных групп.
Спортсмены РСШИКОР им. К. Мунайтпасова 2006-2008 г.р., во главе со старшим тренером отделения Максимом Станкеевым, на этих стартах показали, как всегда, отличные результаты.

МЕКЕМЕ СТУДЕНТІ-ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

Қарағанды қаласында, 23 жасқа дейін дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК колледждің 3 курс студенті Толқын Тұрсынақынова қола жүлдеге қол жеткізді!
Дзюдо бөлімінің жаттықтырушылар тобын, аға бапкері Жәнібек Назаровты және спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Еркін күрестен Қазақ Елінен шыққан соңғы Әлем Чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов десек, қателеспейтін шығармыз. XX ғасырдың басында халықаралық додаларда аңыз-бабамыз үнемі топ жарып жүрді.
Енді, 120 жылдан кейін, атақты палуанның өрліген ізін, тәуелсіз Қазақстанның жас батыры жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданының тумасы, қазіргі таңда, Алматы қаласының намысын қорғап жүрген, 19 жасар Ризабекке барша қазақ ризашылығын білдіруде.
Ал, 2018 жылдың 24 тамызында, ол Астанада орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 сыныбына келіп түскенін біреуі білсе, бірі білмейді.
Талантты палуанды өз қанатының астына мекеменің жаста болса, бірақ білікті маманы, жаттықтырушысы - Самат Жакупов, жеке бапкері ретінде, құшақ жая алған еді.
Бір жарым жыл осы оқу-спорттық ордасында тәлім-тәрбие алып, шынығып, жаттығып, Ризабек Алматыға бет бұрады.
2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарын Ел Ордада өткізіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.
2019 жылы Астанада өткен Әлем чемпионатында 15 жасар бала ерікті (волонтер) болып жұмыс атқарып, ұлттық құрама спортшыларына көмегін тигізеді.
Қ. Мұңайтпасов спорт мектебінде оқып жүргенде Ризабек кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының және Бүкіләлемдік дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері атанады!
Осындай талантты, дарынды, жігерлі баламызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қуан Қазақ! Бөріктеріңізді аспанға ата беріңіздер!
Ардақ Тоғымов


12-18 қыркүйек аралығында, СҚО орталығы-Қызылжар қаласында, шорт-трек спорт түрінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, мамандардың көздеріне түсті.
Атап өтсек, 7 "Б" сынып оқушысы Әдия Аманжол эстафета жарысына қатысып (үш адамның қатарында), үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, мекеменің 7 "А" сынып оқушысы Нариман Молдабек 333 м. қашықтықта қола медаль иегері атанды.
Шорт-трек бөлімінің жаттықтырушылар тобын және спортшыларымызды құттықтаймыз!