12-18 қыркүйек аралығында, СҚО орталығы-Қызылжар қаласында, шорт-трек спорт түрінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, мамандардың көздеріне түсті.
Атап өтсек, 7 "Б" сынып оқушысы Әдия Аманжол эстафета жарысына қатысып (үш адамның қатарында), үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, мекеменің 7 "А" сынып оқушысы Нариман Молдабек 333 м. қашықтықта қола медаль иегері атанды.
Шорт-трек бөлімінің жаттықтырушылар тобын және спортшыларымызды құттықтаймыз!