12 декабря 2023 года со спортсменами отделения греко-римской борьбы РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова, был проведен специализированный тренинг на тему: "Профилактика нежелательных эмоциональных состояний перед стартами и во время соревнований, обучение специальным упражнениям". Спортсмены, вместе с психологом Кармысовой Г.С., провели анализ нежелательных и волнительных состояний (мандраж) перед важными соревновниями и научились методам, приемам и специальным упражнениям.
Также, на данном тренинге спорстмены с психологом разбирали примеры и типологию "неудобных" соперников.
Надеемся, это будет полезным уроком для тактической готовности спортсменов перед важными соревноввниями.

Поздравляем учащихся Республиканской школы-интернат-колледжа олимпийского резерва им. Х. Мунайтпасова Анну
Левковец, занявшую 1-е место в разряде МС, Зере Сарбалину, занявшую первое место в категории КМС (junior women) и
Карину Шеин, занявшую первое место в первом спортивном разряде advanced novice), на проходившем в городе Астане (5 - 8 декабря)
международном турнире группы "Б" - "Ice Stars Cup".

МОЛОДЦЫ!!!

 

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжде, тәрбие бөлімінің күшімен, Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған "Ерлік толы даламыз, батыр біздің бабамыз" тақырыбында, өнер адамдардың қатысуымен бірге өткен, театрланынған кеш өтті.
Мәртебелі қонақтар қатарында: "Қазақ радиосының" дикторы, актер Сағаділдә Үсібәлі, “Амангелді Иман” қоғамдық қорының төрағасы, Мәдениет саласының үздігі Толқын Сұлтан,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Анар Мұздаханова,
Республикалық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, күйші Әмина Бошымова және ақпарат саласының үздігі, "Қазақ радиосының" ардагері Күләш Молдахметовалар келді.
Салтанатты кешке оқушы-спортшы балалар аса үлкен қызығушылық танытып, мекеменің Мәдени залын нық толтырды.

 

Жапония елінің астанасы - Токио қаласында дзюдо күресінен өтіп жатқан лицензиялық "Гран - При Токио 2023" жарысында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлегі Ақмарал Науатбек алтын медаль иегері атанды!

Алда, әлі де 3 "Гран При" жарысы және "Paris-2024", бұйыртса...

 

Астана қаласында ҚР VI жазғы Спартакиада бағдарламасы бойынша таеквондо жарыстары өтуде.
Бұл, төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлектері мен шәкірттері қатысуда.
Таеквондодан ересектер арасындағы VI жазғы спартакиаданың екі күннің нәтижесі бойынша:

Қанат Алмира 57кг 🥈

Түлектер
Хасенов Бауыржан +87кг 🥈
Дүйсебай Смайыл +87кг 🥉

Бапкерлер мен спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің мәнерлеп сырғанау бөлімінің спортшысы Рахат Бралин Ыстанбұл қаласында өткен турнирде үздік үштікті түйіндеді. Бәрекелді!

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы елордалық Рахат Бралин Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан "Вosphorus Cup-2023" додасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады. Алтын медаль Әзірбайжан спортшысы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде. Тұғырдың екінші сатысына Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.

Бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет қатысты.

Мекеменің бапкерлерін тобын осы үлкен нәтижемен құттықтаймыз!

2023 жылдың 29 қарашасында Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне қарасты «Қажымұқан» спорт кешенінде judo (жудо) бөлімінің ашық сабағы өтті.
Бөлім жаттықтырушысы Әшім Қажы, алдын ала бекітілген жоспарға сай, әріптес-бапкерлермен бірлесе отырып, күрес кезеңінде «жоғары тұтқамен жұмыс істеу» тақырыбы бойынша, келесі іс-шараларды спортшы-балалармен бірге жасап, комиссия мүшелерімен бөлісті: сапқа тұру, рапорт беру, жүгірудін әртүрлі тәсілдерін қолдану, дене қыздыру, акробатикалық іс-қимылдар, татамиде аталған техникалық әдістерін жасау, тактикалық нұсқауларды жетілдіру. Осы жаттығулардың мақсаты – күштің дамуын, жылдамдықты, төзімділікті, шымырлықты, икемділікті, шеберлік-тактикалықты арттыру.
Хронометражға сай, бір жарым сағатқа созылған сабақта, іріктеп алынған бір спортшы, белгіленген уақытта, әр жаттығу тәсілдерінен кейін, дәрігерлерге келіп, қан қысымын және пульс жиелігін өлшетіп отырды. Медицина қызметкерлері осы көрсеткіштерді жазып, сараптап, белгілеп отырды. Сабақ соңында спортшының жаттығу процессі бойынша сараптамалық денсаулық қорытындысын жарияланды.
Ашық сабаққа спорт жөніндегі мекеме директорының орынбасары Аманбаева Әсия Рақымқызы қатысып, бапкерлер мен спортшыларға манызды нұсқауларды жеткізіп, оқу-жаттығу процессіне сәттілік тіледі.
Бұл іс-шараға мекеменің спорттық әдіскерлері, дәрігерлері, тәрбиешілері белсенді түрде қатысып, өз бағаларын берді.
Жаттықтырушылар тобы: Ж. Назаров (аға бапкер), М. Қалықұлов, М. Баймаханбетов, Б. Мырзай, Ж. Болатбек ашық сабақта Ә.Қажыға көмектесіп, спортшы-балалармен жаттығуда бірге жүргізді.

{gallery}0512236{/gallery}

 

Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемалық мәселелер және ел спортшыларының Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындық бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтті.

Басқосуға өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, республикалық федерация өкілдері, ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

 

2023 жылдың 28 қарашасында Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне қарасты «Қажымұқан» спорт кешенінде грек-рим күресі бөлімінің ашық сабағы өтті.
Бөлім жаттықтырушысы Нұрлан Бегембаев, бекітілген жоспарға сай, «Қарқынды жаттығу» тақырыбы бойынша, келесі әдіс-тәсілдерді спортшы-балалармен бірге қайталап, комиссия мүшелеріне көрсетті: дене қыздыру, партерде және «стойкада» техникалық-күштік әрекеттерді жасау, тактикалық нұсқауларды жетілдіру. Осы жаттығулардың мақсаты – күштің дамуын, жылдамдықты, төзімділікті, шымырлықты, икемділікті арттыру.

23 ноября 2023 года в спортивном комплексе «Кажымукан» РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова, согласно утвержденного плана-графика учебно-спортивной работы методистов и тренерско-преподавательского состава учреждения, прошел очередной открытый урок отделения велоспорта.

В открытом уроке приняли участие заместитель директора по спортивной работе школы-интернат-колледжа Аманбаева Асия Рахимовна, методисты спортивного отдела по видам спорта, тренеры-преподаватели и учащиеся-спортсмены отделения.

По плану-конспекту наставников тренировка велась на тему: «Совершенствование техники работы на станке и развитие мышц верхнего плечевого пояса», целью которой являлось совершенствование техники педалирования в посадке.

Задачи: 1). Выполнение педалирования на велосипеде с разным положением рук на руле

2). Выполнение педалирования на разных передачах

3). Выполнение педалирования правой (левой) ногой попеременно

4). Развитие силы верхнего плечевого пояса (широчайшей мышцы спины)

5). Развитие силы прямых мышц разгибателя позвоночника, бицепса бедра и ягодичных мышц

Инвентарь: велосипед, велостанок, резина, секундомер

Тренер: Павлов Евгений Игоревич.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Открытые уроки будут продолжены и далее в отделениях по видам спорта.

Қараша айының 16-19 аралығында Түркістан қаласында таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы "чемпиондар ұстаханасының" спортшы-балалары бұл байрақты бәсекеде 5 алтын, 5 күміс, 1 қола медальдарға ие болды.
Жасөспірімдер арасында:
1. Маратұлы Марғүлан 164см 
2. Еркін Алинұр 168см
3. Юн Любов 172см
4. Сапарғали Қымбат 168см

Футболшыларды Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан салтанатты қарсы алу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, футболшылардың туған-туыстары, достары және жанкүйерлер қатысты.

 

Іс-шара барысында Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, бүкіл командаға жасыл алаңдағы жанкешті ойыны үшін алғысын білдірді:

 

«Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, жігіттер!», - деді министр.