Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің студенті Имран Дінишев, 2023 жылдың 4-10 қыркүйек аралығында Сараево қаласында 21 жасқа дейінгі өткен (Босния және Герцеговина) Мұстафа Хайруллахұлы Талижанды еске алуға арналған XXI халықаралық турнирдың жеңімпазы болып аталды!
Мекеменің бокс бөлімінің жаттықтырушылар тобын және аға бапкері Азамат Игібаевты шәкіртінің жетістігімен құттықтаймыз!

 
Бүгін, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде таеквондо спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы - Бауыржан Исамединды салтанатты түрде қарсы алу марапаты өтті.
Жуырда, Сараево (Босния және Герцеговина) қаласында өткен әлемдік додада, 164 см. бойы дәрежесінде, мекеме спортшысы қарсыластарын аса басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанған ие болды. 
Спорттық "ұстаханасы" батыр-балаға үлкен құрмет көрсетіп, арнайы қошеметпен қарсы алды. 
Мекеме басшысы Мәлік Сапашев, сөз кезегінде чемпионды ыстық ілтипатымен құттықтап, жаңа олимп белестерін бағындыра беруге тілек білдірді. 
Оған қоса, мектеп-интернат-колледждің үш таеквондошысы: Дәрия Манасқызы, Альмира Қанат және Любовь Юн, Бейрут (Ливан) қаласында күні кеше аяқталған Азия чемпионатында қола жүлде иегері атанды.

Бөлімшенің аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков мықты резервтік ұжым дайындап, еңбегінің жемісін көруде. Құтты болсын!


Диалогты "чизбургер" әдісімен жүргіздік. Алдымен жас спортшыларды мақтадық, себебі биылғы оқу жылында ортамызға қосылған 82оқушы-Республика Чемпиондары.
Одан кейін олардың жігерін қайрау үшін сын айттық, диалог соңында қайта шабыттандыру үшін жылы сөзбен қорытындыладық.
Кездесу соңында жас жеткіншектерге өз ақыл кеңестерін айтуға ортаға 2023жылғы дзюдо күресінен, жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының жеңімпазы Сыздық Ерболат пен Күрес түрлерінен Ұлттық Чемпионатының грек-рим күресінен күміс медаль иегері Айдынғали Төлендік шақырылды.
- Мақсаттарың - Ел байрағын әлемге таныту, Олимпиада Чемпионы болу болса, тәртіпке бағыну керек, уақытылы ұйықтап, тынығу керек-деді олар.

Спорт психологы- Гульмира Кармысова
Тәрбиеші- Жанерке Утебаева

#адаптация
#бейімделу
https://www.instagram.com/p/Cw-6g7ntHYo/?igshid=NmQ4MjZlMjE5YQ==


Жалпы ереже:
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.

1.Интернаттың барлық тәрбиеленушілерінің ішкі тәртіптің ережелерін білуі және орындауы, өздерін өнегелі ұстауға тиіс;

2.Тәрбиеленушілер белгіленген күн тәртібін сақтап, уақытылы ұйықтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға, кезекшілікке мұқият түрде қараулары тиіс;

3.Бөлмелерді таза және гигиеналық талапқа сай ұстауға тиіс;

4.Оқу жылы бойы себепсіз сабақтан қалмауға тиіс;

 

2023 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Тіл – ұлттың тірегі» тақырыбында тілдер апталығы өтуде.
Осы іс-шара шеңберінде мекеменің 10-11 сынып спортшы-оқушылары Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллинның мұражайына саяхатқа барды. Аталған саяхаттың мақсаты тек қана ондағы жәдігерлерді көру емес, сонымен қатар, Сәкен өлеңдерін киелі қара шаңырақта оқып, ақын атына тағзым ету болды.
Сонымен қатар оқушылар Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін тебірене оқып, мұражай мамандарының ризашылығына ие болды.
Мұражай атынан оқушылар арнайы мадақтамамен марапатталса, ұйымдастырушы пән мұғалімдеріне Алғыс хаттар табысталды.
"Тілі бар Ел-Халық, тілі жоқ-балық" демекші, Қазақ Елінің келешек чемпиондары Сәкендей батыл тіл жанашыры болсын!


Ливан елінің астанасы - Бейрут қаласында таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшысы Дария Манасқызы 68 кг. салмақ дәрежесінде қола жүлдегері атанды!
Құтты болсын!

 

     1 қыркүйекте,  жыл сайын, әдеттегідей, Еліміздің барша аймақтарында орта мектепті бастап жатқан оқушыларға арнап «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты іс-шаралар өтуде. Білім ордасында 11 жыл оқыйтын, тәлім-тәрбие алатын, бірінші белестерін бағындыратын мектеп түлектері – бүгінгі біздің басты кейіпкерлеріміз.


Сүйінші, ардақты ағайын! Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 сынып оқушысы, Маңғыстау облысының тумасы, Бауыржан Исамедин - таеквондодан Әлем чемпионы атанды!
Тамыз айының 27-31 аралығында Босния жен Герцеговина елінің астанасы-Сараево қаласында, таеквондодан (WTF) жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтуде.
Бұл байрақты бәсекеде, жоғарыда атап өткендей, мектебіміздің оқушысы, 164 см. дәрежесінде (ереже бойынша жасөспірімдер арасында сайыс спортшылардың бойы арқылы өтеді), Аустралия, Иран, Түркия, Эквадор және Германия спортшыларынан басым түсіп Әлем чемпионы атынды!
Мекемеміздің таеквондо бөлімінің жаттықтырушыларын және аға бапкері Айтжан Алдабековты осы керемет нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз!

С 10 по 15 августа, в г.Астана,
прошел ЧРК в спринтерском омниуме среди юношей и девушек 15-16 лет и
ЧРК в темповых и спринтерских видах среди юношей и девушек 13-14 лет по велотреку .
Командная гонка преследования :
Фрунзе роман 
Групповая гонка Мэдисон:
Фрунзе роман 
Спринтерский омниум :
Проскурина Анна 
Куйтенов Мурат 

Поздравляем!

10-тамыз Абай күніне орай Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash челленджін қабыл алдық.
#Абайкүні10тамыз
#Абайкунанбаев
#челлендж
https://www.instagram.com/reel/CvxgzVNsaQd/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 

 Қазақстандық жүзу шебері Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан əлем чемпионатында жартылай финалға шығып, 100 метрге баттерфляй əдісімен жүзуде 14-орын алды.

 Əділбек осы қашықтықтағы Қазақстан рекордын тіркеп, күзде Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына, келесі жылғы Париж Олимпиадасына жолдама алды.