Еркін күрестен Қазақ Елінен шыққан соңғы Әлем Чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов десек, қателеспейтін шығармыз. XX ғасырдың басында халықаралық додаларда аңыз-бабамыз үнемі топ жарып жүрді.
Енді, 120 жылдан кейін, атақты палуанның өрліген ізін, тәуелсіз Қазақстанның жас батыры жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданының тумасы, қазіргі таңда, Алматы қаласының намысын қорғап жүрген, 19 жасар Ризабекке барша қазақ ризашылығын білдіруде.
Ал, 2018 жылдың 24 тамызында, ол Астанада орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 сыныбына келіп түскенін біреуі білсе, бірі білмейді.
Талантты палуанды өз қанатының астына мекеменің жаста болса, бірақ білікті маманы, жаттықтырушысы - Самат Жакупов, жеке бапкері ретінде, құшақ жая алған еді.
Бір жарым жыл осы оқу-спорттық ордасында тәлім-тәрбие алып, шынығып, жаттығып, Ризабек Алматыға бет бұрады.
2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарын Ел Ордада өткізіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.
2019 жылы Астанада өткен Әлем чемпионатында 15 жасар бала ерікті (волонтер) болып жұмыс атқарып, ұлттық құрама спортшыларына көмегін тигізеді.
Қ. Мұңайтпасов спорт мектебінде оқып жүргенде Ризабек кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының және Бүкіләлемдік дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері атанады!
Осындай талантты, дарынды, жігерлі баламызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қуан Қазақ! Бөріктеріңізді аспанға ата беріңіздер!
Ардақ Тоғымов

WhatsApp Image 2023 09 19 at 09.57.22