«Білгірлер» сайысы өтті

2023 жылдың 11-қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 «В» сыныбында қазақ тілінен орыс сыныбы оқушыларының арасында тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Білгірлер» сайысы өткізілді. Сайыс барысында екі топқа бөлінген сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсеткен қызу тартыс болды.


Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, жоспар бойынша, спортшы-балаларға арналған психолгиялық іс-шаралар жүруде.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде, мектеп психологы Гүлмира Қармысова, мекеменің бокс бөлімі спортшыларымен жаттығу жүктемелеріне психологиялық дайындық және биылғы оқу жылы келген споршылардың адаптациясына арналған тренинг өткізді.
Жұмыс жоспарға сәйкес, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, спортшылардың қосымша "ішкі күш дүниелері" сыртқа шығарылынады.
Өзімдік психологиялық методикалары бар маман, келешекте, қалған спорт бөлімшелерімен жұмыс жасауға әзір.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің грек-рим күресі бөлімінің спортшыларымен "Қалай тәлімгер болу керек екендігі туралы және соңын ережелері" атты, топтық жұмыс мекеме психологымен ұйымдастырылынып, әдеттегідей сәтті өтті.
Келесі кезеңде-басқа спорт бөлімімен тренинг өткізу.

 

В г. Алматы, в эти дни, проходит Чемпионат Казахстана по гребле на байдарках и каноэ среди разных возрастных групп.
Спортсмены РСШИКОР им. К. Мунайтпасова 2006-2008 г.р., во главе со старшим тренером отделения Максимом Станкеевым, на этих стартах показали, как всегда, отличные результаты.

МЕКЕМЕ СТУДЕНТІ-ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

Қарағанды қаласында, 23 жасқа дейін дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК колледждің 3 курс студенті Толқын Тұрсынақынова қола жүлдеге қол жеткізді!
Дзюдо бөлімінің жаттықтырушылар тобын, аға бапкері Жәнібек Назаровты және спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Еркін күрестен Қазақ Елінен шыққан соңғы Әлем Чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов десек, қателеспейтін шығармыз. XX ғасырдың басында халықаралық додаларда аңыз-бабамыз үнемі топ жарып жүрді.
Енді, 120 жылдан кейін, атақты палуанның өрліген ізін, тәуелсіз Қазақстанның жас батыры жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданының тумасы, қазіргі таңда, Алматы қаласының намысын қорғап жүрген, 19 жасар Ризабекке барша қазақ ризашылығын білдіруде.
Ал, 2018 жылдың 24 тамызында, ол Астанада орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 сыныбына келіп түскенін біреуі білсе, бірі білмейді.
Талантты палуанды өз қанатының астына мекеменің жаста болса, бірақ білікті маманы, жаттықтырушысы - Самат Жакупов, жеке бапкері ретінде, құшақ жая алған еді.
Бір жарым жыл осы оқу-спорттық ордасында тәлім-тәрбие алып, шынығып, жаттығып, Ризабек Алматыға бет бұрады.
2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарын Ел Ордада өткізіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.
2019 жылы Астанада өткен Әлем чемпионатында 15 жасар бала ерікті (волонтер) болып жұмыс атқарып, ұлттық құрама спортшыларына көмегін тигізеді.
Қ. Мұңайтпасов спорт мектебінде оқып жүргенде Ризабек кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының және Бүкіләлемдік дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері атанады!
Осындай талантты, дарынды, жігерлі баламызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қуан Қазақ! Бөріктеріңізді аспанға ата беріңіздер!
Ардақ Тоғымов


12-18 қыркүйек аралығында, СҚО орталығы-Қызылжар қаласында, шорт-трек спорт түрінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, мамандардың көздеріне түсті.
Атап өтсек, 7 "Б" сынып оқушысы Әдия Аманжол эстафета жарысына қатысып (үш адамның қатарында), үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, мекеменің 7 "А" сынып оқушысы Нариман Молдабек 333 м. қашықтықта қола медаль иегері атанды.
Шорт-трек бөлімінің жаттықтырушылар тобын және спортшыларымызды құттықтаймыз!

 

Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, тәрбие бөлімінің жұмыс жоспарына сай, 9-11 сынып оқушылардың қатысуымен, арнайы отырыс ұйымдастырылды.
Бұл жиынға Астана қаласы ювеналдық полиция инспекторы қатысып балаларға жәбірлеуге (буллинг) қарсы туралы ақпаратпен бөлісті.
Әлімжеттік, бопсалау, бір біріне күш көрсету, дөрекі сөйлеу - оқу мекемесінде болмау жолдары талқыланды.
Оған қоса, құқық қорғау өкілі балаларға, осындай жағдай болған кезде, оларға және ата-аналарына, қандай әкімшілік айыппұл және қылмыстық істер қозғалытыны туралы да, айтып өтті.
Мекеменің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ардақ Қалиева жиналған қауымға заңнамаларды таныстырып, ережелерін атады.
"Буллинг-біздің мекемеде жоқ және болмайды" деп, оқушылар келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің студенті Имран Дінишев, 2023 жылдың 4-10 қыркүйек аралығында Сараево қаласында 21 жасқа дейінгі өткен (Босния және Герцеговина) Мұстафа Хайруллахұлы Талижанды еске алуға арналған XXI халықаралық турнирдың жеңімпазы болып аталды!
Мекеменің бокс бөлімінің жаттықтырушылар тобын және аға бапкері Азамат Игібаевты шәкіртінің жетістігімен құттықтаймыз!

 
Бүгін, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде таеквондо спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы - Бауыржан Исамединды салтанатты түрде қарсы алу марапаты өтті.
Жуырда, Сараево (Босния және Герцеговина) қаласында өткен әлемдік додада, 164 см. бойы дәрежесінде, мекеме спортшысы қарсыластарын аса басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанған ие болды. 
Спорттық "ұстаханасы" батыр-балаға үлкен құрмет көрсетіп, арнайы қошеметпен қарсы алды. 
Мекеме басшысы Мәлік Сапашев, сөз кезегінде чемпионды ыстық ілтипатымен құттықтап, жаңа олимп белестерін бағындыра беруге тілек білдірді. 
Оған қоса, мектеп-интернат-колледждің үш таеквондошысы: Дәрия Манасқызы, Альмира Қанат және Любовь Юн, Бейрут (Ливан) қаласында күні кеше аяқталған Азия чемпионатында қола жүлде иегері атанды.

Бөлімшенің аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков мықты резервтік ұжым дайындап, еңбегінің жемісін көруде. Құтты болсын!


Диалогты "чизбургер" әдісімен жүргіздік. Алдымен жас спортшыларды мақтадық, себебі биылғы оқу жылында ортамызға қосылған 82оқушы-Республика Чемпиондары.
Одан кейін олардың жігерін қайрау үшін сын айттық, диалог соңында қайта шабыттандыру үшін жылы сөзбен қорытындыладық.
Кездесу соңында жас жеткіншектерге өз ақыл кеңестерін айтуға ортаға 2023жылғы дзюдо күресінен, жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының жеңімпазы Сыздық Ерболат пен Күрес түрлерінен Ұлттық Чемпионатының грек-рим күресінен күміс медаль иегері Айдынғали Төлендік шақырылды.
- Мақсаттарың - Ел байрағын әлемге таныту, Олимпиада Чемпионы болу болса, тәртіпке бағыну керек, уақытылы ұйықтап, тынығу керек-деді олар.

Спорт психологы- Гульмира Кармысова
Тәрбиеші- Жанерке Утебаева

#адаптация
#бейімделу
https://www.instagram.com/p/Cw-6g7ntHYo/?igshid=NmQ4MjZlMjE5YQ==


Жалпы ереже:
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.

1.Интернаттың барлық тәрбиеленушілерінің ішкі тәртіптің ережелерін білуі және орындауы, өздерін өнегелі ұстауға тиіс;

2.Тәрбиеленушілер белгіленген күн тәртібін сақтап, уақытылы ұйықтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға, кезекшілікке мұқият түрде қараулары тиіс;

3.Бөлмелерді таза және гигиеналық талапқа сай ұстауға тиіс;

4.Оқу жылы бойы себепсіз сабақтан қалмауға тиіс;