В г. Талдыкорган стартовал чемпионат Казахстана среди молодежи по плаванию, в котором участвуют и спортсмены РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова.
В первый соревновательный день пловцы отделения плавания учреждения показали следующие результаты:
4*100 вольный стиль (Туребаева, Маринина, Кадацких, Дементьева).
 100 м. на спине Журбин Александр.
 200 м. брассом Маринина Диана.
Напомним, что соревнования продлятся до 13 октября и будем надеяться, что в копилку школы и в дальнейшем будут положены медали различной пробы. 

 

Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-дің 7 “А” сынып оқушылары 7 қазанда “Оян, қазақ!” фильмін тамашалауға қала кинотеатрына барды.
Балалар Ел Орда саяхытына өздерінің сынып жетекшісі - Бекежанова Динара Бекбосынқызымен, мектеп тарапынан бөлінген көлікпен барып-қайтты.
Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары баяндалады. Оқушылар фильмнен рухани азық алды.

 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, бүгің, 5 қазанда, Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Мекеменің 7-10 сынып оқушылары мен жетекшілері ұйымдастырған іс-шараға мектептің оқушылары, ұстаздары, тәрбиешілері, жаттықтырушылары және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Сөз кезегінде, мекеме директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Оған қоса, мектеп-интернат-колледждің алдағы мақсаттарымен және жоспарларымен де бөлісіп, ұстаздарға жаңа белестерді бағындыра беруге ниет білдірді.
Концерттік бағдарлама толығымен мектеп оқушылардын қатысуымен өтіп көрермендердің көңілінен шықты.
Кеш барысында үздік мұғалімдер мен тәрбиешілер арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталып, жиналған қауымның қошеметтеріне ие болды.
Ардагерлеріміз де шет қалған жоқ. Кезінде мекемеде көп жыл бойы жұмыс атқарып, қазіргі таңда зейнетке шыққан жұмыскерлеріміз бұл мерекеге арнайы шақырылды.
Құрметті ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты-қайырлы болсын! Шәкірттеріңіз үнемі Сіздерге құрмет көрсетіп, жетістіктерімен қуанта берсін!

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздарды жылына бір рет болатын мерекелерімен құттықтау әр бір адамның өте маңызды міндеті. Өйткені үлкен басшыларда, атақты жұлдыздарда, қарапайым жұмысшыда ұстаздың тәрбиесін алған.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамын.

Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

Ардақты "қажымұқандық" оқу-ордасыныңо ұстаздары!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты-қайырлы болсын!

Ізгі ниетпен,
Мәлік Сапашев

Учащиеся РГУ «Республиканская специализированная школа-интернат-колледж олимпийского резерва имени Хаджимукана Мунайтпасова» поздравили бабушек и дедушек с Днем пожилых людей

 

          В День пожилых людей, 1 октября в  РГУ «РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова». прошла акция «Қазыналы қарттарымыз аман болсын!».           Сегодня мы живем в суетном, усталом и беспокойном мире. И когда наш взгляд падает на улыбающееся добродушное лицо, на наших пенсионеров, как комендант Райхан  апа,  Абдрахманова Рышкен Абдухамитовне и Чукавина Наталья Ивановне  на душе становится теплее. Невозможно представить нашу жизнь без милой и приветливой улыбки. И мир становится ярче, и жизнь веселее!

 

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің  оқушылары ата-әжелерін  құрмет пен ізгілік күнімен құттықтады!

 

         Қарттар күнінде, 1 қазанда «Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК»  оқушылары «Қазыналы қарттарымыз аман болсын!»  акциясын ұйымдастырды. Бүгін біз уақыт тығыз , қарбалас әлемде өмір сүріп жатырмыз.  Ал біздің көзқарасымыз күлімсіреген  ақкөңіл, зейнеткер, комендант Райхан апайымыз  бен  Абдрахманова Рышкен Абдухамитовна мен Чукавина Наталья Ивановна сияқты карияларымызды көргенде әлем нұрлана түседі.  Біздің өмірімізді  ғажап  және мейірімді күлімсіреусіз елестету мүмкін емес. Осындай мейрімді жандарды көогенде әлем жарқырап, өмірге құлпыныш арта түседі!

29 октября 2023 года в РСШИКОР им. Х. Мунайтппсова прошла встреча с родителями вновь прибывших спортсменов в этом учебном году.
Темой встречи были вопросы алгоритмов поведения в ситуации травли среди подростков и роли родителей в профилактике буллинга.
Встречу провела психолог учреждения Гульмира Кармысова.

 

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, 2023-2024 оқу жылына келіп түскен спортшылардың ана-аналарымен кездесу өтті.
Бұл жиында қарастырылған мәселелер: жасөспірімдер арасындағы бір бірің жәбірлеу жағдайларында ата-аналардың тәртіп алгоритмдерінің нұсқаулары, буллингті алдын алу сұрақтары қарастырылды. Кездесуді өткізген мекеменің педагог-психологы Гүлмира Кармысова.

 
Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-де, 2023 жылдың 25 қыркүйегінде мекеменің тәрбие беру бөлімінің ұйымдастыруымен, жоспарға сай, арнайы кездесу өтті.
Мектеп-интернат-колледждің спортшы-балалары Астана қаласы криминалдық полиция өкілдерінің қатысуымен отырысқа жиналды.
Күн тәртібінде: оқу мекемесінде буллинг, бір бірін мәжбірлеу, күш көрсету, қоқан-лоқы әрекеттерге жол бермеу туралы сұрақ-мәселелер қозғалды.
Отырыс барасында полицияның оперативтік қызметкері, аға лейтенанты Бижанов С.С. балаларға түсініктеме ретінде, оларды 14 жастан бастап, Заң бойынша, қылмыстық іске тартылуы мүмкіндгі туралы баяндаманы айтып берді.
Оған қоса, ювеналдық полиция қызметкерлері: майор Жақсыбаев Д.Б. және майор Садуақасова А.С. жиналған қауымға Ел Ордада, балалардың қатысуымен болған қылмыстық істер туралы анықтамаларды атап өтті.
Қылмысты алдын алу және болдырмау іс-шаралары одан ары өз жалғасын табады.
 
Оперуполномоченный старший лейтенант
Старший оперуполномоченный майор Бижанов с.с. және
 Жаксыбаев д.б.
Садвакпсова а.с. ювенальная полиция

Кримигальная  полиция

 

        2023 жылдың 23 қырқүйек күні  Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде  10 «А» сынып ата-аналарымен «Ел ертеңі -жас ұрпақ» бағдарламасы аясында «Бақытты бала- саналы ата- ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

    Ата-аналар жиналысына мек­­теп  психологі Кармысова Гүлмира Сансызбаевна қатысты. Гүлмира Сансызбаевна мен ата-ана­лар арасында ашық пікір ал­масу алаңы қалыптасып, «Буллингті болдырмау» тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналарға нұсқаулықтар  берілді және сынып жетекшісінің  ата-аналар үшін арнайы әзір­леген  тренинг жүргізілді.

Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты.


Бүгін, Астана қаласы әуежайына, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы-Ризабек Айтмұхан келіп түсті.
Салтанатты қарсы алу рәсіміне көптеген жұрт жиналып батырымызға құрмет пен қошемет көрсетті.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің ұжымы өз түлегін қушақ жая қарсы алды.
Мекеме басшылары, жаттықтырушылары және спортшылары әуежай төрінде чемпионның аяғын жерге тигізбей марапатты жаудырды.
Ризабек-біздің мақтанышымыз!
Халық саған риза, Ризабек!

 

Тілдер апталығында 2023 жылдың 12-қыркүйегінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» мәдениет залында «Тіл-ұлттың тірегі» атты 7-9 сыныптардың қатысуымен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты:
1. Оқушыларды ана тілінің қадір –қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Оқушылар өздерінің өлең жолдарын мәнерлеп оқу, актерлық шеберліктерін, би өнерлерін көрсетті.
Мектеп мұғалімдері Макышпекова Ж.К. және Мусакулова Н.С. концерттік бағдарламаны қызықты және ұлттық сана-сезімді арттыру жағынан пайдалы түрде ұйымдастырып, көрермендердің көңілінен шықты.

«Білгірлер» сайысы өтті

2023 жылдың 11-қыркүйегінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 «В» сыныбында қазақ тілінен орыс сыныбы оқушыларының арасында тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Білгірлер» сайысы өткізілді. Сайыс барысында екі топқа бөлінген сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсеткен қызу тартыс болды.


Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, жоспар бойынша, спортшы-балаларға арналған психолгиялық іс-шаралар жүруде.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде, мектеп психологы Гүлмира Қармысова, мекеменің бокс бөлімі спортшыларымен жаттығу жүктемелеріне психологиялық дайындық және биылғы оқу жылы келген споршылардың адаптациясына арналған тренинг өткізді.
Жұмыс жоспарға сәйкес, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, спортшылардың қосымша "ішкі күш дүниелері" сыртқа шығарылынады.
Өзімдік психологиялық методикалары бар маман, келешекте, қалған спорт бөлімшелерімен жұмыс жасауға әзір.