Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернат-колледжіне тиесілі «Олимпиец» денсаулықты нығайту және сауықтыру орталығында, жазғы демалыс маусымының бірінші кезеңі мамыр айының 19-на өз есігін ашқан болатын. Бүгін балақайлардың үйлеріне оралу күні болды. Осыншама аз уақыт аралығында балаларымызға қатты бауыр басып қалдық🫰 Жазғы демалыс уақытты естен кетпес, керемет естеліктерге толы болды. "ОЛИМПИЕЦ " денсаулықты нығайту және сауықтыру орталығына алғысымыз шексіз! Рахмет үлкен!
Еліміздің бас қаласынан 400 шақырым жерде орналасқан «Көкшетау табиғи паркіне» қарасты Айыртау көлінің жағасы, жыл сайын, жаздың үш айында, демалыс ордасына айналады.
Демалыс маусымының бірінші кезеңі өте жақсы деңгейде өтті. Балаларымызды қимастықпен шығарып салдық, алдағы уақытта тағы да жүздескенше асыға күтеміз. Шілде айының 3-не жазғы демалыс маусымының екінші кезеңі басталады 
https://www.instagram.com/reel/CuH0HANLTY6/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжге тиесілі "Олимпиец" атты орталықта бірінші ауысым жалғасуда.
Тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мистер&Мисс лагерь 2023" музыкалық-интеллектуалдық жарысы өтті.
Сайыс нәтижесінде "Мистер лагерь" атағын Тулеппаев Сағит, ал "Мисс лагерь" атағын Гамидова Доминика жеңіп алды.
Балаларды әлі де қызықты ойындар күтуде!

          

    Бүгін, 2023 жылдың 21 мауысымында  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі түлектеріне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК - 2023» атты аттестаттар мен дипломдарын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.

         Биылғы жылы спорттық-оқу мекемесінің ұясынан мектептің 41 түлегі мен колледждің 38 студенті бітіріп отыр.

         Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Ербол Мырзабосынов мекеме түлектеріне сәт сапар тілеп, алға  қойған мақсаттарына тайсалмай жетулеріне ниеттес екенін жеткізді. Іс-шара барысында түлектерге аттестаттары мен дипломдарын табыстады.

Бүгін, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің 2023 жылғы түлектеріне негізгі орта білім және арнайы орта білім туралы аттестаттары мен дипломдары салтанатты түрде табысталды.
Түлектерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов мырза құттықтады.
Салтанатты жиында мекеме басшысы Мәлік Сапашев оқушылар мен студенттерге сәттілік тілеп, спорттық олимп шыңдарына үнемі ұмтыла беруге кеңес берді.
Ата-аналар, ұстаздар, тәрбие берушілер, жаттықтырушылар және әкімшілік қызметкерлер 2023 жылдың мекеме түлектеріне ақ жол сыйлап, ойлаған мақсаттарына жете берулеріне тілек білдірді.

 
2023 жылдың 19-ы маусымында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжіне тиесілі "Олимпиец" атты денсаулықты нығайту- сауықтыру орталығы жаңа жазғы маусымын бастады.Олимпиец сауықтыру орталығы биылғы жаздың алғашқы кезеңінің демалушыларын қарсы алды.
Орталықта жазғы демалысты орман ауасымен пайдалы, сандық-ақпараттық детокста, әр күнді көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалынған. Жазғы лагерьдегі алғашқы  кеш-әдептілік еліне саяхаттан басталды. Оқушыларға амандасу, рұқсат сұрау, кешірім сұрау тағы жа басқа әдептер мен тәрбие, қызықты ойын желісімен жеткізілді. "Күн, ауа және су-біздің адал достарымыз" демалушыларымызға гигиена және денсаулық сағаты өтті. Оқушылар жеке бас тазалығы мен денсаулықты сақтау жолдарын көңілді эстафета кедергілерінен тапты. Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтаеа білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру мақсатында "Қауіпсіз жаз-2023" акциясы өтті.

https://www.instagram.com/p/CtvS-fWtJ0G/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады.
Сондықтан 11сынып оқушыларына болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамытып, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болып, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылап, психологиялық қолдау көрсетілді.

#түлек2023
#11сынып
https://www.instagram.com/p/Cs89daFN7jv/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 

Бүгін, 2023 жылдың 1 мауысымында, Еліміздің барша аймақтарында орта мектепті аяқтап жатқан оқушыларға арнап «Соңғы қоңырау» атты салтанатты іс-шаралар өтуде. Білім ордасында 11 жыл оқып, тәлім-тәрбие алып, бірінші белестерін бағындырған мектеп түлектері – бүгінгі біздің басты кейіпкерлеріміз.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бүгін, «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты мерекелік кеші өтті.
Мекеменің 11 «А», «Б», «В» сынып түлектері спорттық-оқу «меккесінің» ұясынан қанаттарын кең жайып, алыс сапарға ұшып шығуда.
Биылғы оқу жылының мектеп жетістіктері айтарлықтай жеткілікті болды. Спорттық натижелері мен білім беру және алу сапасы, тәрбие көрсеткіштері мен материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері де жоғары деңгейде болды.
Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбсары Бекболат Байжанов мырза мекеме оқушыларын «Халықаралы балаларды қорғау» күнімен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектепке, атқарушы органның қойған жоспарлары мен жетістіктерін атап өтті. Биыл, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогың «қажымұқандықтар» екінші рет жеңіп алып, кешенді жарыс жүлдесін өздерінде қалдырды. Оған қоса, мекеме түлектері де биыл халықаралық жарыстарды жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Еліміздің абыройын биікке көтерді.
Бокстан, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбай, Айбек пен Нұрбек Оралбайлар Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп мектептің атын дүние жүзіне шығарды.

Кешегі күн “Шебер қолдар” клубының жетекшісі Нұргүл Нұрмақованың “Ұлттық өнер- асыл қазына” атты ашық тәрбие сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты- қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлерімен олардың жасалу жолдарын білім алушы қыздарымызға үйрету. Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Қыз балдарымыздың шығармашылық қиялдарын, ойлау әрекетін дамыту, қол икемділігін ұшқырлау. Ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу. Осындай таным тағылымы мол сабақ ұйымдастырған "Шебер қолдар" клубының жетекшісі, сүйікті апайымыз Нүргүл Нұрмаққызына алғысымызді білдіреміз!
https://www.instagram.com/p/Cs5Nx26N_3L/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан күн.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.

Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы, тәрбиеленушілері ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске алу тәрбие сағатын өткізіп, қуғын- сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойып, балалар арнайы өлең жолдарынан қаза тапқан жандарымызға жыр арнады. Біз - терең тарихтан өнеге, қуат алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, ата-бабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінуіміз қажет. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегінде мәңгі қалмақ.
#спорттәрбиесі
https://www.instagram.com/p/Cs5O5sOtSIf/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

30 мамыр күні «Жануарлар біздің досымыз» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Қайырымдылық шара барысында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілері «Я Живой Приют» атты ит-мысық баспанасына барды. Біздің чемпиондарымыз бос қол бармай, адам достары аталып кеткен серіктестерімізге азық-түлік апарды.
Орталықта қызмет жасайтын адамдар жануарларды шын жүректен жақсы көретіндері көзге түседі. Мектеп-интернат тәрбиеленушілері де арнайы орталықтағы тіршілік иелеріне өз жүректерін ашты деуге болады.
Осындай арнайы орталық ашып, басқа барар жері жоқ жануарларға жәрдем беріп жүрген азаматтарға үлкен алғысымызды айтамыз!


"Қажымұқан" мектебінің спортшылары 2023 жылдың 27 мамырында, Астана қаласының Ботаникалық бағына барып, белсенді түрде дем алды.
Бұл, Қазақ Елі астанасындағы көлемі ең үлкен және ең жас саябақ болып есептеледі. Қазіргі кезде осы саябақтың аумағы - қаланың оңтүстігінде, Қабанбай батыр даңғылына жақын орналасқан, бір шақырымдық үлкен алаң. Шығыс бөлігінде үш көпір және тоған орналасқан, оның ортасы Ұлытау аллеясының жалғасы болып табылады және Ботаникалық бақтың кіреберісін безендіретін аркаға апарады. Мұнда Еуропадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан 90 мыңға жуық ағаштар мен бұталар отырғызылды, жасыл аймақтардың арасында велосипед пен жүгіру жолдары төселді. Ботаникалық бақ тек серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған орын ретінде ғана емес, сонымен қатар қалалық мерекелерді өткізу орны ретінде де қолданылады.Осы бақта "Барлығы балалар үшін" акция шеңберінде спортшыларымыз серуендеп, көңілді эстафеталық ойындар, волейбол, асық ойнап , асфальтта суреттер салып, велосипед теуіп, батбырауық ұшырып, табиғатта тәтті дастарханнан дәм алып, бақытты балалық бал -дәурендей әсер алды.
Бұл іс-шара мекеменің тәрбие бөлімімен ұйымдастврылып "Халықаралық балаларды қорғау" күніңе арналды.