КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ
U15, U20
Иордания, Амман қаласы
12-20 шілде 2023 жыл

Бірінші күн
ҚОРЖЫНДА – 3 АЛТЫН,
2 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА!

Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты басталып, алғашқы күні боз кілемге U15 грек-рим күресінің шеберлері шыққан болатын. Қазақстан құрамасының жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.
​Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 келі), Досбол Шәміл (57 келі) және Әбілмансұр Ахалбек (68 келі) Азия чемпиондары атанса, Мәрлен Мейірбекұлы (62 келі) мен Аянбек Ибраев (85 келі) күміс жүлдеге ие болды. Сұлтан Мәулітханов (38 келі), Сұңқар Зарап (44 келі) және Дамир Ақан (52 келі) қолаға қол жеткізді.
​ ​Ертең жарыс жолына шығатын U15 қыздар құрамасына сәттілік тілейміз!
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары бірінші күнде екі алтын және бір қола жүлдеге ие болды: 38 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Мәулетханов үшінші орынды жеңіп алса, 57 кг. Досбол Шәміл және 68 кг. Әбілмансұр Ахалбек чемпион атанды!
Грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге салсақ, Қ. Мұңайтпасов спорт мектебінің түлегі Алмат Кебісбаев, қазіргі таңда Қазақстан U-15 ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы.

 "Олимпиец" жазғы сауықтыру орталығының екінші кезеңінің басталуынан видео үзінді. Естен кетпес керемет сәттердің куәсі болыңыздар! Екінші жазғы маусым сәтті өтсін, барлық демалушыларға мәнді де мағыналы керемет демалыс болсын.
https://www.instagram.com/reel/CujYf9bMEQw/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернат-колледжіне тиесілі "Олимпиец" жазғы сауықтыру орталығында өнерлі де талантты, спортшы балалардың басын қосқан сұлу Көкшенің ғажайып табиғатының аясында кезекті екінші маусымның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Еліміздің бас қаласынан 400 шақырым жерде орналасқан «Көкшетау табиғи паркіне» қарасты Айыртау көлінің жағасы, жыл сайын, жаздың үш айында, демалыс ордасына айналады. Естен кетпес керемет сәттердің куәсі болыңыздар! Екінші жазғы маусым сәтті өтсін жас жеткеншектер мен демалушыларға мәнді де мағыналы керемет демалыс болсын!
https://www.instagram.com/p/CujX7n1tPJc/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

"Олимпиец" жазғы сауықтыру орталығында "Спорттық ойындар күні өтті! Екінші маусым өте қызықты әрі пайдалы өтіп жатыр. Демалушы балаларымыз бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қызықты сәттердің куәгерлері болды.
https://www.instagram.com/reel/CujYIJ1LWlM/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернат-колледжіне тиесілі «Олимпиец» денсаулықты нығайту және сауықтыру орталығында, жазғы демалыс маусымының бірінші кезеңі мамыр айының 19-на өз есігін ашқан болатын. Бүгін балақайлардың үйлеріне оралу күні болды. Осыншама аз уақыт аралығында балаларымызға қатты бауыр басып қалдық🫰 Жазғы демалыс уақытты естен кетпес, керемет естеліктерге толы болды. "ОЛИМПИЕЦ " денсаулықты нығайту және сауықтыру орталығына алғысымыз шексіз! Рахмет үлкен!
Еліміздің бас қаласынан 400 шақырым жерде орналасқан «Көкшетау табиғи паркіне» қарасты Айыртау көлінің жағасы, жыл сайын, жаздың үш айында, демалыс ордасына айналады.
Демалыс маусымының бірінші кезеңі өте жақсы деңгейде өтті. Балаларымызды қимастықпен шығарып салдық, алдағы уақытта тағы да жүздескенше асыға күтеміз. Шілде айының 3-не жазғы демалыс маусымының екінші кезеңі басталады 
https://www.instagram.com/reel/CuH0HANLTY6/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжге тиесілі "Олимпиец" атты орталықта бірінші ауысым жалғасуда.
Тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мистер&Мисс лагерь 2023" музыкалық-интеллектуалдық жарысы өтті.
Сайыс нәтижесінде "Мистер лагерь" атағын Тулеппаев Сағит, ал "Мисс лагерь" атағын Гамидова Доминика жеңіп алды.
Балаларды әлі де қызықты ойындар күтуде!

          

    Бүгін, 2023 жылдың 21 мауысымында  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі түлектеріне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК - 2023» атты аттестаттар мен дипломдарын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.

         Биылғы жылы спорттық-оқу мекемесінің ұясынан мектептің 41 түлегі мен колледждің 38 студенті бітіріп отыр.

         Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Ербол Мырзабосынов мекеме түлектеріне сәт сапар тілеп, алға  қойған мақсаттарына тайсалмай жетулеріне ниеттес екенін жеткізді. Іс-шара барысында түлектерге аттестаттары мен дипломдарын табыстады.

Бүгін, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің 2023 жылғы түлектеріне негізгі орта білім және арнайы орта білім туралы аттестаттары мен дипломдары салтанатты түрде табысталды.
Түлектерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов мырза құттықтады.
Салтанатты жиында мекеме басшысы Мәлік Сапашев оқушылар мен студенттерге сәттілік тілеп, спорттық олимп шыңдарына үнемі ұмтыла беруге кеңес берді.
Ата-аналар, ұстаздар, тәрбие берушілер, жаттықтырушылар және әкімшілік қызметкерлер 2023 жылдың мекеме түлектеріне ақ жол сыйлап, ойлаған мақсаттарына жете берулеріне тілек білдірді.

 
2023 жылдың 19-ы маусымында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжіне тиесілі "Олимпиец" атты денсаулықты нығайту- сауықтыру орталығы жаңа жазғы маусымын бастады.Олимпиец сауықтыру орталығы биылғы жаздың алғашқы кезеңінің демалушыларын қарсы алды.
Орталықта жазғы демалысты орман ауасымен пайдалы, сандық-ақпараттық детокста, әр күнді көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалынған. Жазғы лагерьдегі алғашқы  кеш-әдептілік еліне саяхаттан басталды. Оқушыларға амандасу, рұқсат сұрау, кешірім сұрау тағы жа басқа әдептер мен тәрбие, қызықты ойын желісімен жеткізілді. "Күн, ауа және су-біздің адал достарымыз" демалушыларымызға гигиена және денсаулық сағаты өтті. Оқушылар жеке бас тазалығы мен денсаулықты сақтау жолдарын көңілді эстафета кедергілерінен тапты. Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтаеа білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру мақсатында "Қауіпсіз жаз-2023" акциясы өтті.

https://www.instagram.com/p/CtvS-fWtJ0G/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==