30.09.2017ж. Жыл сайын игі дәстүрмен оқушылар, студенттер таңертеннен ұстаздарын, тәрбиешілері мен жаттықтырушыларын құттықтап «Ұстазы аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

2017 жылғы қыркүйек айының 16-сы мен 23-і аралығында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРММИК – де қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының тілі апталығы» өтті

«Қазақстан халықтарының тілдер күні» атты апталығы барлық сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін ынталандыруға арналған. Әдістемелік кеңесте аталған апталықтың жұмысы қарастырылып, өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді.

29.09.2017 ж. «Болашақ» өзін – өзі басқару ұйымының мектеп – интернат – колледж Президенттігіне сайлау өткізілді. Президенттікке 6 оқушы – студент өз бағдарламасымен таныстырып, сайлау алдында жұмыстар жүргізді. Сайлауға 209 оқушы – студент қатысты. Сайлау қорытындысы мектеп – интернатының демалу бөлмесінде салтанатты түрде жарияланды. Грек – рим бөлімінің студенті Күрсебай Диастың жинаған дауысы басым болып, мектеп – интернат – колледждің Президенті болып тағайындалды.

12.09.2017 ж. Отбасы күніне орай, мектеп дәстүріне айналған " Өнегелі отбасы" атты үлгі тұтарлық отбасылардың бірі, білдей бір чемпион таэквандо бөлімінің тәрбиеленушісі Бақытжан Әбілқасанды тәрбиелеп отырған – Нарбаевтар отбасымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

2017-2018 оқу жылының басталуы құрметіне арналған 2 қыркүйек күні сағат 11.00 - де «Алғашқы қоңырау» мерекесі қарсаңында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» құрылғанына 45 жылы аталып, салтанатты жиын өтті.