Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, бүгің, 5 қазанда, Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Мекеменің 7-10 сынып оқушылары мен жетекшілері ұйымдастырған іс-шараға мектептің оқушылары, ұстаздары, тәрбиешілері, жаттықтырушылары және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Сөз кезегінде, мекеме директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Оған қоса, мектеп-интернат-колледждің алдағы мақсаттарымен және жоспарларымен де бөлісіп, ұстаздарға жаңа белестерді бағындыра беруге ниет білдірді.
Концерттік бағдарлама толығымен мектеп оқушылардын қатысуымен өтіп көрермендердің көңілінен шықты.
Кеш барысында үздік мұғалімдер мен тәрбиешілер арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталып, жиналған қауымның қошеметтеріне ие болды.
Ардагерлеріміз де шет қалған жоқ. Кезінде мекемеде көп жыл бойы жұмыс атқарып, қазіргі таңда зейнетке шыққан жұмыскерлеріміз бұл мерекеге арнайы шақырылды.
Құрметті ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты-қайырлы болсын! Шәкірттеріңіз үнемі Сіздерге құрмет көрсетіп, жетістіктерімен қуанта берсін!

 {gallery}0510232{/gallery}