Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты күні кеше ғана аяқталды.
Бұл, байрақты бәсекеде, әйелдер арасындағы Ұлттық құрама командасы турнирдегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Шешуші жарыс күні, 3000 метрге жарыста, еліміздің мықты шорт-трекші қыздарымыз, мәреге үшінші жетіп, халықаралық додада қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Ажгалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті.
Қазақстан спортшыларының үздік уақыт көрсеткіші 4:16.200 секунд.
Бас жүлде жарыс қожайыны - Канаданың еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея спортшы-қыздары күміс медальге ие болды.
Жалпы бұл құрлықтық жарыста 6 мемлекет – Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Қытай, Жапония мен Қазақстан медаль жеңіп алған.
Ал, Қазақ Елінің қыздар шорт-трекшілері бұл қатарға еңді қосылды. Тарихи жетістік деп, айтса да болады!
Естеріңізге салсақ, Мәдина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Малика Ермек пен Яна Хан - Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлектері!
Ортақ жеңісіміз құтты-қайырлы болсын!


Астана қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп қалды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 10 сынып оқушысы, бокс бөлімінің спортшысы Ақбота Есімбекова "Сары құрлықтың" додасында, 70 келі салмақ дәрежесінде, күміс медаль иегері атанды.
Алдымен, 1/2 финалында Ақбота моңғол қарсыласын бірінші раундта-ақ екі нокдаун арқылы, техникалық нокаутпен ұтты.
Финалдық бәсекеде Есімбекова тәжірибелі, оған қоса, ұзынбойлы, үндіс қызымен жұдырықтасты.
Тартысқа толы кездесуде, төрешілердің бөлек шешімімен, жеңіске Үндістан өкілі жетті.
Ақбота-күміс медальға қол жеткізді. Құтты болсын!


Астана қаласының халықаралық әуежайында Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV жазғы Азия пара ойындарында өнер көрсеткен дзюдошыларды күтіп алу рәсіміне мектеп-интернат-колледжіміздің жаттықтырушылары, ұстаздары, әдіскерлері және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Парадзюдошылар осы байрақты бәсекеде 14 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте 2 орынға тұрақтады.
Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының түлегі, әйелдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы - Ақмарал Науатбек (48 кг) осы ойындарды алтын медаль иегері атанып, мекеменің абыройын асқақтатты!
Құтты болсын ортақ жеңісіміз!


Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ордасының Мәдени залында, Республика күніне орай, 24 қазанда, мерекелік жиын өтті.
Отырыс барысында мекеме ардагерлері Министрлік тарабынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, қошеметке ие болды.
Мектеп-интернат директорының орынбасары Әсия Аманбаева сөз кезегінде барша қауымды төл мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
А. Жамантаев, С. Красникова, Ә. Темірханов, т.б. белді мектеп жаттықтырушылары марапатқа ие болып, алғыстарын білдірді.
Республика күні құтты болсын!

Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн.
Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн.
Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының спортшылары!
Қазақ Елінің төл мерекесі құтты-қайырлы болсын!

Мәлік Сапашев


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 23 қазан, сағат 12:00-де, мекеме қызметкерлері және оқушы-спортшылары, жоспарланған республикалық "челленджге" орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның орындады.
Мерекелік іс-шараға мекеменің басшылары, ұстаздары, тәрбиешілері, әкімшілік қызметкерлері белсенді түрде қатысып, гимнды қадірлеу мақсатында және Республика күніне орай, осындай акциямен, барша қазақстандықтарды құттықтады!
Мереке құтты болсын, ағайын!

 


Закончился Чемпионат Республики Казахстан по фигурному катанию на коньках среди ДЮСШ, СДЮШОР, СШИОСД, ЦПОР и спортивных клубов страны, который проходил с 16 по 21 октября в городе Шымкент.

Всего из 10 регионов Казахстана участвовали 150 фигуристов за право быть сильнейшим.
Представительница РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова Карина Шеина в первом спортивном разряде завоевала золотую медаль!
Поздравляем весь тренерско-преподавательский состав отделения фигурного катания с таким большим успехом.

 

 

С 16 по 22 октября 2023 года в г. Шымкент прошел чемпионат Казахстана в отдельных видах многоборья и Кубок РК по многоборью (худ. гимнастика).
На соревнованиях участвовали 501 спортсменов из 15 регионов страны.
В индивидуальной программе среди молодежи было 85 участниц, среди сеньор 50.
В групповых упражнениях среди молодежи 32 групп,
среди сеньор 29 групп.
С РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова участвовали
трое "индивидуалок" по программе КМС (молодежь),
одна "индивидуалка" по программе МС (сеньеры) и олна группа (5чел.) .


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің "Қажымұқан" спорттық кешеніңде, бүгін, 21қазанда, Республика күніңе арналған, шағын-футболдан, мекеме бөлімшелері арасындағы, тартысқа толы, турнир өтті.
Жарысқа, бекітілген ережеге сай, әр бөлімшенің жаттықтырушылары мен колледж студенттері белсенді түрде қатысты.
Оған қоса, мектеп атынан әдіскерлер ұжымы да өз командасын бәсекеге тігіп жақсы өңер көрсетті.
Жолдастық, бірақ жоғары спорттық нәтиже көрсету кездесулерінде жүлдегерлер мен жеңімпаз анықталды.
Ұйымдастырушылар тобы (спорт бөлімі, әдіскерлер) әр номинациялар бойынша да өз лауреаттарын анықтады: "Ең үздік қақпашы", "Ең үздік шабуылшы" атты марапаттар өз қожайындарын тапты (Ярхам-ағай мен Дәурен-ағай).
Ал, командалық нәтижелер бойынша, үшінші орынды, жарыстың қола жүлдегері - Дзюдо бөлімі қаңағат тұтты.
Тұғырдың екінші сатысына, күміс медаль иегері - Грек-Рим күресі бөлімі көтерілді.
Жарыс жеңімпазы және "REPUBLIC DEY OF QAZAQSTAN CAP-2023" кубогының иегері болып - Еркін күрес бөлімі атанды!
Жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап және марапат рәсімін жүргізген мекеме директорының спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Әсия Аманбаева ханым алғыс білдіріп, жеңісті күндерде жүздесе беруге тілек білдірді.
Мереке құтты болсын, ағайын!

АНЫҚТАМА

«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты  ақындар айтысы

(сайысқа құрылған тәрбие сағаты)

«18» қазан 2023 жыл.

Мекеменің аты:  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің  республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»  республикалық мемлекеттік мекемесі.

Іс-шара өткізуші : қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары мен педагог-тәрбиешілері Г.Қ.Смагулова  Т. С.Камзина, Ү.Т.Касымберкебаева

Мақсаты : қазақ ауыз әдебиетінде ертеден қалыптасқан, ұлттық рухымызды асқақтатқан айтыс өнерін мектеп көлемінде жаңғырту, жандандыру. Ел ішіндегі ақындық қабілеті бар жас таланттарды тауып олардың шеберлігін шыңдау, ішкі дарынын дамыта отырып үлкен өнерге дайындау. Қазақтың бай сөздік қорындағы небір інжу маржандарын паш ете отырып қазақ тілін дамыту. 

Астана қаласында орналасқан "Алау" мұзайдыны спорт кешенінде жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Чемпионаты өтуде.
Бұл байрақты бәсекеде Еліміздің 7 облысының және 2 республикалық мағынасындағы қалаларының спортшылары қатысуда. Жалпы, Ұлттық Чемпионатқа 183-ке жуық тарландар мұзайдынына шықты.
Бұл жарыста ұйымдастырушылар мен жаттықтырушылар тобы Қазақстан құрама командаларының сапына ең мықты деген конькишілерді іріктеп алуды көздеуде. 
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж спортшылары жоғары нәтижелерді көрсетіп, мамандардың көзіне ілікті.
Алина Дауранова 500 м. қашықтықта әдеттегі дей алтын медальді ұтып алды! Ал, 3000 м. командалық жарыста екінші орынға ие болып, күміс медаль иегері атанды.
Михаил Глущенко да өз дистанциясында мәре сызығын екінші болып кесіп, жүлдеге қол жеткізді.
Қола медальді студенттеріміз: Алдияр Төлегенов пен Азамат Сатқожа, және мектеп оқушысы Руслан Жанаділовтер жеңіп алды.
Айзада Жәрдембекқызы - Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері. 
Оған қоса, мекеме түлегі Бақдәулет Сағатов 5000 м.жарысында екінші орынды иеленді.
Барша "қажымұқандықтарды" осы биік спорттық нәтижелермен құттықтаймыз!

16 қазан күні 7 “А” сыныбымен Биология пәні мұғалімі Умурзакова Назгүл Ерсарықызы
“Азық- түліктердегі көмірсулардың, майлардың және нәруыздардың маңызы” тақырыбымен үлгі сабағын өткізді.
Оқушылар түрлі тапсырмалар арқылы тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың адам өмірі үшін маңызын, ыдырау нәтижесінде қандай өзгерістерге ұшырайтындықтарын, ағза үшін жетіспегенде не болатынын және қызметтері мен күнделікті тұтыну мөлшерлерімен танысып білді.
Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелермен танысып сабақ соңында kahoot ойыны арқылы тест тапсырмаларын орындады. Оқушылар үшін сабақ өте қызықты өткені байқалды себебі балалар жоғары белсенділік танытты.