Жалпы ереже:
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.

1.Интернаттың барлық тәрбиеленушілерінің ішкі тәртіптің ережелерін білуі және орындауы, өздерін өнегелі ұстауға тиіс;

2.Тәрбиеленушілер белгіленген күн тәртібін сақтап, уақытылы ұйықтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға, кезекшілікке мұқият түрде қараулары тиіс;

3.Бөлмелерді таза және гигиеналық талапқа сай ұстауға тиіс;

4.Оқу жылы бойы себепсіз сабақтан қалмауға тиіс;

5.Сабаққа белсене қатысып, үй тапсырмасын үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көрсетуге міндетті;

6.Мектеп-интернатының мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға, бүлдірген жағдайда оқушының ата-анасына ескертіп, шығынның орның толтыруға жауапты;

7.Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасауға тыйым салынады;

8.Жатақханада барлық тәрбиешілер, интернатқа арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен сәлемдесіп жүргені абзал;

9. Жатақхана ішінде, интернат ауласындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға;

10.Балалардың ұялы телефондарының, ноутбук, планшет жоғалуы мен істен шығып қалуына мектеп-интернат жауапты емес;

11.Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші тәрбиеші немесе әкімтәрбиеші немесе әкімшілікке тапсыру;

12.Тәрбиешілердің еңбегіне құрметпен қарауға. Тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару ұйымының талаптарын орындауға;

13.Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және ұзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақтауға;

14.Демалыс кезінде әкімшіліктің және тәрбиешінің рұқсатынсыз жатақхана ауласынан шығуға болмайды;

15.Тәрбиеленушілер бір-біріне дөрекі сөйлеуге, күш қолдануға болмайды;

16. Спиртті ішімдіктер, темекі, есірткі және уландырғыш заттарды әкелуге және қолдануға болмайды.

ДТІЖО- Ардақ Қалиева
Спорт-психологы- Гүлмира Кармысова
Жатақхана меңгерушісі- Манат Искакова
#ереже
#тәртіп
#интернат
#жатақхана