Бүгін, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде таеквондо спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы - Бауыржан Исамединды салтанатты түрде қарсы алу марапаты өтті.
Жуырда, Сараево (Босния және Герцеговина) қаласында өткен әлемдік додада, 164 см. бойы дәрежесінде, мекеме спортшысы қарсыластарын аса басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанған ие болды. 
Спорттық "ұстаханасы" батыр-балаға үлкен құрмет көрсетіп, арнайы қошеметпен қарсы алды. 
Мекеме басшысы Мәлік Сапашев, сөз кезегінде чемпионды ыстық ілтипатымен құттықтап, жаңа олимп белестерін бағындыра беруге тілек білдірді. 
Оған қоса, мектеп-интернат-колледждің үш таеквондошысы: Дәрия Манасқызы, Альмира Қанат және Любовь Юн, Бейрут (Ливан) қаласында күні кеше аяқталған Азия чемпионатында қола жүлде иегері атанды.

Бөлімшенің аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков мықты резервтік ұжым дайындап, еңбегінің жемісін көруде. Құтты болсын!

 

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://kazhimukansportmektebi.kz/ru/novosti/1706-lem-chempionyna-asa-rmet-k-rsetildi#sigProId987af65234