Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсанында мектеп-интернат-колледжімізде наурыз айының 14 мен 23 аралығында спортшы – оқушыларға қайырымдылықпен мейірімділікті, ұлттық киімдерді, ұлттық тағамдарды және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында «Атадан қалған асыл сөз», «Ата салты ардақты» үлкендер кеңесі, әңгіме сұхбат, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» тақырыбында тәрбие сағаттар, құттықтау сазды бағдарламалар, Ұлттық мұражайға саяхат, «Ұлттық ойындар» атты тоғызқұмалақ, қазақша күрестен жарыс ұйымдастырылды.

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты

20-22 наурыз аралығында Сайтама (Япония) қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК 3 курс студенті Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды.

Еркін күрестен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты

Талдықорған қаласында наурыз айының 15-20 аралығында еркін күрестен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында мектебіміздің оқушылары келесі нәтиже көрсетті:

2 орын – Амангелді Еламан 45 кг

2 орын – Медов Омар 80 кг

3 орын – Бексултанов Жасұлан 65 кг

Көркем гимнастикадан "Афродита кубогі-2019"

12-17 наурыз аралығында Греция мемлекетінің астанасы Афины қаласында өткен көркем гимнастикадан "Афродита кубогі-2019" атты халықаралық жарыста күміс медаль иеленген Тлекенова Адиляны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!!

Кәсіби практика

«Егер адам өзі қай айлаққа жол

шеккенін білмесе, оған ешқандай

жел де жолдас бола алмайды».

Сенека.

Техникалық және кәсіби білім жүйесіндегі білім алушылар оқу процессі барысында бірсыпыра ұзақ уақытты алатын өте маңызды кезеңнен өтеді – ол кәсіби практика. 

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»

11 «А»,11 «Б» сыныптар арасында өткен тәрбие сағаты

2019 жылы наурыздың 14 жұлдызында «Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінде»

Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионаты

09-12 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдегер атанған Кален Диасты, Сапарғалиев Әбіл-Мәнсүрді және қола жүлдеге ие болған Сисембаев Әділет пен Тәукен Айбергенді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!!

Мәжіліс залында мектебіміздің әйелдер ұжымына арнап, мерекелік концерт ұйымдастырды

7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні қарсаңында тәрбие бөлімі мектеп-интернаттың мәжіліс залында мектебіміздің әйелдер ұжымына арнап, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қардан мүсіндер жасау

Спортшы-оқушылар барлығы қыстың суығына қарамастан, бір кісідей атсалысты.

«Үздік сынып жетекшісі» байқауы

2019 жылдың 22-ақпанында «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-де ұстаздар арасында  «Үздік сынып жетекшісі» мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің  рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту болып табылса, мектебіміздің жас мамандарының өткізілген іс-шараға асқан жауапкершілікпен қарап, өздерінің сегіз қырлы бір сырлы екенін көрсете білгенін атап өткен жөн.

Қысқы олимпиадалық ойындар» атты тимбилдингi

2019 жылы 16 ақпанда «Қазақстан» спорт кешені аймағында орналасқан мұз қалашықта мектеп-интернат-колледж оқушыларының қыс мезгілінде туған туған күн иелерін құттықтау мақсатында «Қысқы олимпиадалық ойындар» атты тимбилдинг ұйымдастырылды.

«Балалар үйі» КММ-нің тәрбиеленушілерімен кезекті кездесуі

Ақпан айының 16 жұлдызында Ботаникалық бақта Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ-нің тәрбиеленушілерімен кезекті кездесуімізді ұйымдастырып, табиғат аясында белсенді демалыс өткізілді.