Мұражайға саяхат

Президентіміз жариялаған Жастар жылының алғашқы айында мектебіміздің жас спортшылары Елбасының кітапханасының сарапшысы Ботагөз Аяпбергенованың ұйымдастыруымен «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс» атты квест экскурсиясына қатысты.

Жүзуден «Қысқы демалыс» ҚР чемпионаты

Қостанай қаласында 06-12 қаңтар аралығында жүзуден «Қысқы демалыс» ҚР чемпионаты өтті.

Велоспорттан жастар арасында Азия Чемпионаты

Индонезия елінің астанасы Джакарта қаласында қаңтар айының 09-15 аралығында велоспорттан жастар арасында өткен Азия чемпионатында мектебіміздің оқушылары келесі нәтиже көрсетті

«Happy DISKO»

Желтоқсан айының 20 күні жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектеп-интернат-колледж спортшы-оқушылары үшін «Жастар» театрында «Happy DISKO» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында көңілді сайқымазақтар мен әртүрлі жан - жануарлардың бейнесіндегі әртістер қойылымдар қойып спортшы-оқушылардың көңілін бір серпілтіп тастады.

«Жас батыр» спорт кешенінде спартакиада өткізілді

Желтоқсан айының 14-15 жұлдызында мектеп спорт залы мен «Жас батыр» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» қызметкерлері арасындағы спартакиадасы өткізілді. 6 команда воллейбол, үстел теннисі және дойбы ойындарынан күш сынасты. Жалпыкомандалық орындар  3 спорт түрінен қатысу нәтижелерінде  жиналған  ұпайлардың қортынды ұпайы бойынша  анықталды.

Алтын сақа

1 Анықтама
1 желтоқсан күні «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті күніне арналған Гран-при «Алтын сақа» атты асық атудан республикалық турниріне студенттермен қонақ болып қайттық. Бұл жарыс дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы бар спортшылар қатысты. Жарыс бестабан (ерлер), бес асық немесе қақпақыл (әйелдер) ережесі бойынша өткізілді. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген асық атудан бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысты. Турнир ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, асық ату Федерациясы ұйымдастырды.

Жас скейтерлермен мастер-класс

5 желтоқсан күні спортшылармен бірге «Сарыарқа» жанындағы мұз айдыныңда мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы Элизабет Тұрсынбаеваның шеберлік сабағының куәгері болдық. Элизабет Тұрсынбаева ағасы Тимурмен бірге өсіп келе жатқан жас спортшыларға өзінің көрген қиыншылықтары мен жаңадан мұз айдынына шыққан кездеріннен бастап естеліктерін айтып, әр түрлі қимылдар мен сырғанаудың шеберлігін түсіндірді. Жас бүлдіршіндер сол қимылдарды қайталау арқылы, қиын әрі ауыр өнердің бір түрін бимен түсіндергендей болды.

Мәнерлеп сырғанаудан"Golden Spin 2018” халықаралық жарысы

05-08 желтоқсан аралығында Хорватия елінің астанасы Загреб қаласында мәнерлеп сырғанауданISU Челленджер сериясының 10 - кезеңі "Golden Spin 2018” жарысында юниорлар арасында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары Алана Тоқтарова мен Раxат Бралин қола жүлдеге иеболды.

Жеңістерін құтты болсын!

Дзюдодан «Оқушылар сарайы» кубогі

Астана қаласында желтоқсан айының 01-02 аралығында дзюдодан «Оқушылар сарайы» кубогінде Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары келесі нәтиже көрсетті:

МТ по вольной борьбе посвященный памяти А. Казымбетова

Щучинск қаласында қараша айының 27-30 аралығында еркін күрестен А. Қазымбетовты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті. Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК оқушылары келесі нәтижелеркөрсетті:

«Жоғары жетістіктегі спорт»

21-22 қараша күні мектеп ғимаратының акт залында жаттықтырушы-оқытушыларға және колледж студенттеріне педагогика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Николаевич Платонов «Жоғары жетістіктегі спорт»

Мәнерлеп сырғанаудан мастер класс.

5желтоқсан күні Астанадағы  «Сарыарқа» велотрегінде мәнерлеп сырғанаудан ІІ қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның қатысуымен мастер класс өткізілді. Элизабет өзінің спорттық мансабын 2005 жылы бастады, көптеген халықаралық турнирлерге қатысып, жарыстың жеңімпаздары қатарында болды.