Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты

20-22 наурыз аралығында Сайтама (Япония) қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК 3 курс студенті Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды.

Еркін бағдарламада Тұрсынбаева төрттік сальховты тұңғыш рет қатесіз орындап, 148.80 ұпай жинады. Бұл Элизабеттің маусымдағы үздік көрсеткіші.

Сондай-ақ, Тұрсынбаева төрттік сальховты ресми жарыстарда орындаған тұңғыш спортшы ретінде тарихта қалды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Элизабет  224.76 ұпай жинады. Бұл қазақ спортындағы тарихи жүлде екені сөзсіз. Өйткені, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан әйелдер арасындағы сында Қазақстан жүлде алып көрген емес.

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан спортының тарихында әйелдер арасынан әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы.

Жеңісімен құттықтаймыз!