«Rixos President Astana» қонақ үй кешенінде «Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында отырысы өтті.

2018 жылдың 5 желтоқсанында «Rixos President Astana» қонақ үй кешенінде «Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау.

2018 жылдың 27-қарашасында «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған-мектеп-интернат-колледжі» РММ-де Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау өтті. Жиылыстың мақсаты, мақалада көрсетілген негізгі ойларды талқылап көпшілікке жеткізу.Мақала мазмұны бойынша орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ж.К.Мақышпекова сөйледі. Өзінің баяндамасында ол Ұлы даланың Елбасы айтқан жеті қырының әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

2018 жылдың 19 қарашасы мен 26 қарашасы аралығында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де математика, физика және информатика пәні мұғалімдерімен  «МИФ» апталығы өткізілді. 

2018 жылдың 19 қарашасы мен 26 қарашасы аралығында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де математика, физика және информатика пәні мұғалімдерімен  «МИФ» апталығы өткізілді.  ӘБ отырысында аталған апталықтың жоспары құрылып, бекітілді.

Жастар театрына бару

Қараша айының 21 күні оқушы-студенттер  «Жастар» театрына барып, 

С. Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламаны тамашалап қайтты.

Мәнерлеп сырғанаудан Volvo Open Cup-2018 халықаралық турнирі

Қазақстандық фигурист Рахат Бралин Ригада өткен Volvo Open Cup-2018 халықаралық  турнирін жеңіп алды. Рахат екі бағдарламаның нәтижесі бойынша 177,51 ұпаймен 1 орынды иеленді. Екінші орында Швейцариялық Нуах Боденштайн (155.16) ұпай, үшінші орын неміс Флориан Пачке (152,92) ұпай.

Тректегі велоспорттан ҚР Ұлттық Чемпионаты

Астана қаласында қараша айының 14-19 аралығында тректегі велоспорттан Ұлттық ҚР Чемпионаты өтті. Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары келесі нәтижелер көрсетті:

1 орын – Чугай Андрей (олимп.спринт)

1 орын – Рудер Богдан (олимп.спринт)

Дзюдодан жасөспірімдер арасында М. Бекмухамедовты еске алуға арналған ХТ

Талдықорған қаласында 16-18 қараша айы аралығында дзюдодан жасөспірімдер арасында М. Бекмухамедовты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК оқушылары Диас Айнабек 66 кг. жеңімпаз атанса, 40 кг. Айман Ибрагимова қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі Әлем Чемпионаты

Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында қараша айының 12-18 аралығында өткен әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі Әлем Чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК студенті Гүлмарал Еркебаева 76 кг. салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

«DISKO PARTY» тақырыптық би кеші өтті

16 қараша күні мектебімізде «DISKO PARTY» тақырыптық би кеші өтті. Кешке арнайы шақырылған Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жас спортшыларды өз өнерлерімен тәнті етті. Қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

Интернаттың акт залында оқушылар мен студенттерге дәріс өткізілді.

Қараша айының 16 – сы күні  мектеп ғимаратының мәдени залында  «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу», «Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар мен студенттердің арасындағы құқық бұзушылыққа және зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет жасау», «Қазақстан Республикасында тыйым салынған синтетикалық препараттарды «Спайс», «

«Қуанышты туған күн» атты мерекелік іс-шара өтті

15 қараша күні мектеп – интернаттың мәдени залында дәстүрлі түрде өтетін «Қуанышты туған күн» атты мерекелік іс-шара өтті. Қыркүйек, қазан, қараша айларында дүниеге келген оқушылардың құрметіне ұйымдастырылған қызықты кеште аниматорлар оқушылармен әр-түрлі ойындар ойнаса, туған күн иелерінің достары өздерінің ән-билерін тарту етті. Кеш бимен жалғасын тапты.

Азия аймағы бойынша бүкіл Әлемдік таеквондо федерациясы президентінің кубогі

Тайпей қаласында қараша айының 12-14 аралығында Азия аймағы бойынша бүкіл Әлемдік таеквондо федерациясы президентінің кубогі мәресіне жетті. Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК студенті Смаил Дүйсебай 87 кг. салмақ дәрежесінде жарыстың қола жүлдесіне қол жеткізді.