Құрметті сайт қонақтары!

Қараша айының 24-ші жұлдызында сағат 20:00-де мектеп-интернатының демалу бөлмесінде өтетін “туған күн иелері” атты құттықтау кешііне шақырамыз!

Қарашаның 7 жұлдызында оқушы - спортшылармыз Пирамидада орналасқан «А.И» театрында болып қайтты.

Оқушыладың Жан азабы спекталіне баруы

2017 жылдың 22 қараша күні Қ. Мұңайтпасов атындағы  мектеп-интернаттың оқушылары Астана қаласындағы Жастар театрында                          Ш. Айтматовтың «Жан азабы» атты спектакілін тамашалады. Қоюшы режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Біздің 1 курс студентіміз Мейрамбек Сүлейменов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатында 10 салмақ дәрежесі бойынша 19 елден 112 спортшы қатыстып, командалық есепте Қазақстан Республикасы жасөспірімдер құрама командасы 72 ұпаймен 3 орынға иеленді. 1 орынға Иран құрама командасы және 2 орынға Үндістан құрама командасы иеленді.

Қошқар Дін-Мұхамед кадеттер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері

2017 жылғы 20-23 шілде аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 10 салмақ дәрежесі бойынша 14 елден 99 спортшы қатысты.

Грек-рим күресінің палуаны, 3 курс студенті Мерей Бекенов Тайпей елінде өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

Мерей Бекенов 66 кг. салмақ дәрежесінде жастар арасындағы Азия чемпионатында бірінші қарсыласы Корея елінің спортшысын жеңіп, жартылай финалда Таджікстан спортшысын жеңіп ақтық бәсекеге жолдама алды. Финалда Мерей Иран балуанынан ұпай санымен жеңіліп, Азия чемпонатының күміс жүлдегері атанды.

«Қарттар мен мүгедектер» үйіндегі концерт

Астана қаласындағы мүгедектер мен қарттар үйіне мектеп – интернатымыздың тәрбиеленушілері өздерінің концерттік бағдарламалары мен шынайы көңілден шыққан журекжарды тілектерін білдіріп, қарттарымыздың қаяу түскен көңілдерін аулап жүргеніне де міне бесінші жылға аяқ басты. Олар адам баласының өмір бойы күш – қайраты бойында тасып тұрмайтындығын, уақыт өте келе қамқорлық керек екенін сезініп, қажет болса қол ұшын беруге әрқашан дайын болуға тәрбиелеу.

Қараша айының 2 күні «Қажымұқантану» бағыты бойынша мектебіміздің оқушылары «Қажымұқан» ауылында орналасқан «Қажымұқан» мұражайы мен ескерткішіне барды. Мұражай қызметкері Қажымұқан бабамыз жайлы әртүрлі деректер мен өмірі жайлы айтып оқушылардың білімін терендетті.

Қараша айының 2 жұлдызында мектебіміздің мәдени залында Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы -  Серікбаева Гульмира Иманалиқызы мен дінтанушы Абуов Тұрар Түгелұлының қатысуымен «Терроризм мен экстремизм және дін» тақырыбында кездесу өткізілді.

Қараша айының 1 жұлдызында оқушылар мен студенттер «Қазақстан» телеарнасының «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты. Кеш қонағы елімізге танымал дизайнер Динара Сатжан өзінің жетістігі мен сән әлемі жайлы сөз қозғады.

Қазан айының 19 күні «Күзгі бал - 2017» дәстүрлі мектепшілік мереке биылғы жылы жаңа форматта Оқушылар сарайында тақырыптық би кеші ұйымдастырылды. Кешкі шоу бағдарламада әртүрлі қызықты ойындар мен бағалы сыйлықтар берілді. Балалардың көңілдерінен шығып, естен кетпестей кеш өтті.

2017 жылдың 13 қазан күні мектеп-интернат-колледжінде Олимпиада жүлдегері, дзюдошы – Елдос Сметовтың қатысуымен өткізілген «СПОРТҚА АРНАУ» атты шеберлік кездесу кеші ұйымдастырылды.