«Өрт. Өрт қауіпсіздігі» тақырыбындағы сынып сағаты.

2018 жылдың 6 сәуір күні 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру, өрт болған жағдайда оқушылар өздерін қалай ұстауы керектігі мақсатында «Өрт. Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның нәтижесінде оқушылардың санасында оттың тілсіз жау екендігі, өрт болған жағдайда қаншалықты жинақы, тез қимылдау керектігі туралы ой қалыптастырылды.

Біз және шұғыл жағдай. Өрт дабылы.

09.04.2018 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі республикалық мемлекеттік мекемесінде төтенше жағдай туған кезде ұжымға эвакуация жасау бойынша даярлық жұмыстары жүргізілді.

Ақынмен кездесу

Сәуір айының 2-сі күні «Аяла» қайымдырылық қоры ұйымдастырылған «Меломан» кітапханасының оқу залында жазушы, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Айгүл Кемелбаевамен кездесуге біздің оқушылар, студенттер қатысты.

Хабарландыру!!!

Сіздерді мамыр айының 4 жұлдызы күні сағат 12.00 – де мектеп ғимаратының мәдени залында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел мен ердің жеңісі»
атты мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Хабарландыру!!!

Сіздерді сәуір айының 30 жұлдызында сағат 12.00 – де мектеп ғимаратының мәдени залында өтетін «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Концерт

2018 жылдың 6 сәуір күні танымал украиндық әнші Монатиктің «Витамин D» жаңа шоуында еліміздің жас талантты отандасымыз «Голос. Дети» шоуының жеңімпазы Данелия Тулешованың қатысуымен «Барыс Арена» спорт кешенінде концерті өтті.

Наурыз мерекесі

2018 жылдың 19 наурызында Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік сахна ұлттық нақышта безендірілді. Қазақ халқының дәстүрлерін насихаттау мақсатында әр бөлім қызметкерлері салт-дәстүрден, дәстүрлі әндер мен ұлттық биден өз өнерлерін паш етті.

Болашақтың бағбаны

2018 жылдың 8 наурызында Ұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Болашақтың бағбаны» атты біздің әріптесіміз, оқу бөлімінің әдіскері Чиркова Татьяна Николаевна туралы мақала басылып шықты.

Татьяна Николаевна 37 жыл ұстаздық қызметін атқарып келеді, «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2002 жылдан қызмет істеуде. Ол – мақсатты, белсенді, бей-жай қарамайтын, іздемпаз ұстаз, білікті де білімді әдіскер. Т. Чиркова  ұстаздар жұмысын оқу мен «Рухани жаңғыру» шеңберінде

8 наурыз мерекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай наурыз айының 6 күні мектеп-интернаттың демалу залында салтанатты концерт өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні мектеп ару қыздары ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының жігіттері мектеп аруларын шуақты мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара өте керемет атмосферада өтті.

Туған күн кеші

Мектеп – интернаттың демалу бөлмесінде ақпан айының 23 күні туған күн иелерін құттықтау мақсатында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш иелеріне әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, тәтті үстел жайылды. Мерекелік кеш кешкі бимен жалғасты.

Вакцинация

2018 жылы 15 наурызда Астана қаласы №5 қалалық емханасының медициналық қызметкерлерімен бірге 2003 жылы туған оқушы-спортшыларға АДС-М екпесі салынды.

«Спорттағы кинезиотейпирование негіздері» семинары

«Доктор спорт» орталығының басшысы, Спорттық медицина федерациясының президенті Берик Сапарбаевич Саттыклышов, тейпированиені үйрету мақсатында «Спорттағы кинезиотейпирование негіздері» тақырыбында семинар өткізді.