Велоспорттан жастар арасында Азия чемпионаты

Филиппин елінің Данау қаласында 27 сәуір 04 мамыр аралығында велоспорттан  жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 100-ден астам спортшылар қатысты, оқушымыз Ниязов Болат қола медальға қол жеткізді! Жеңісіңіз құтты болсын!

Кездесу кеші

25 сәуір күні «Жастар» сарайында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3660 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ашимов Шухрат Джамалдинұлы және «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің қызметкері Ильясов Ермек Ерғалиұлымен кездесу кеші өтті.

Алматы қаласында сәуір айының 27-30 аралығында ескек есуден жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің оқушы-спортшылары келесі нәтиже көрсетті

1 орын иеленген:

Суханова Стелла, Айтбай Береке, Муфтукулулы Нуржан, Альмагамбетов Ануар, Аманкелды Асия, Казанина Анастасия.

Шымкент қаласында сәуір айының 29-30 аралығында өткен әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің студенттері келесі нәтиже көрсетті

1 орын – Қасымова Аяулым

2 орын – Еркебаева Гүлмарал

Ақтөбе қаласында сәуір айының 24-27 аралығында жүзуден өткен ашық Қазақстан Республикасының чемпионатында оқушы-спортшыларымыз келесі нәтиже көрсетті:

1 орын – Болгарская Екатерина

1 орын – Демченко Юлия

Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында сәуір айының 20-27 аралығында бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатында мектебіміздің студенттері және оқушысы келесі нәтиже көрсетті

1 орын иеленген:

91 кг салмақ дәрежесінде – Оралбай Айбек

Көркем гимнастикадан жастар арасында Азия Чемпионаты

Малайзия елінің астанасы Куала-Лумпур қаласында сәуірдің 26 мен мамырдың 04 аралығында көркем гимнастикадан жастар арасында өткен Азия чемпионатында мектебіміздің оқушылары келесі нәтиже көрсетті:

Терроризм мен экстремизм және дін

Республикалық «Қазақ спорты» газетінде «Жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ міндет» деген тақырыппен мектеп-интернат-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызының мақаласы жарияланды. Ардақ Қазтайқызы өз мақаласында сыбайлас жемқорлықтың жаһандық мәселе екендігін, яғни, әлем болып күресу керектігін тілге тиек етеді.

Сенбілік

21 сәуір күні мектеп-интернат-колледжде жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектеп қызметкерлері мен оқушы-студенттер күрек, сыпырғы ұстап мектеп территориясын қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.

ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ

Сәуір айының 18-і күні мектеп-интернатта Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» КММ – нің қызметкері Гүлмира Серікбаева ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.

Абай оқулары

2018 жылдың 17-сәуірі күні «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-де «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты жыл сайынғы дәстүрлі Абай оқулары өтті. Шараның мақсаты: Абай шығармашылығы арқылы оқушылардың бойында поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдысын жетілдіру және рухани көзқарастарын кеңейту.

Оқушылардың өрт сөндірушілердің жеке құрамымен кездесу

2018 жылдың 11 сәуір күні «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-нің 8, 9, 10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары барысында № 5 Астана қаласының Сарыарқа ауданы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесіне барды.