Семей қаласында наурыз айының 11-14 аралығында Грек-рим күресінен жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің оқушы-споршылары жақсы нәтиже көрсетті.

1 орын иеленгендер:

63 кг салмақ дәрежесінде – Мухамадиев Асаухат

67 кг салмақ дәрежесінде – Бекенов Мерей

72 кг салмақ дәрежесінде – Кален Диас

Астана қаласында наурыз айының 28-30 аралығында шорт-тректен өткен жеке-командалық Қазақстан Республикасының чемпионатында оқушы-спортшыларымыз

3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді.

1 орын – Тайшманова Асель

1 орын – Бахыткереева Кадиша

1 орын – Крымгереев Адиль

2 орын – Хан Яна

Шымкент қаласында наурыз айының 29-31 аралығында дзюдодан спорт-интернаттар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің оқушы-спортшылары келесі нәтиже көрсетті

1 орын иеленген:

40 кг салмақ дәрежесінде – Балтабай Әсемгүл

46 кг салмақ дәрежесінде – Мырзахметов Мадияр

52 кг салмақ дәрежесінде – Примбетова Айгерім

Атырау қаласында наурыз айының 15-20 аралығында таеквондодан кадеттер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің оқушылары келесі нәтиже көрсетті

3 орын – Абдуллаева Айдана

3 орын – Құттыбай Наурыз

Барлығы: 2 қола.

Астана қаласында наурыз айының 15-16 аралығында конькимен жүгіруден өткен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында оқушы-спортшыларымыз

4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.

1 орын – Акжол Нұралы

1 орын – Дауранова Алина

1 орын – Гаврилова Дарья

1 орын – Артемьева Маргарита

 Ақтөбе қаласында наурыз айының 21-24 аралығында еркін күрестен жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің студенттері келесі нәтиже көрсетті

1 орын иеленген:

57 кг салмақ дәрежесінде – Окенов Абзал

70 кг салмақ дәрежесінде – Қайпанов Нұрқожа

3 орын иеленгендер:

65 кг салмақ дәрежесінде – Сулейменов Мейрамбек

125 кг салмақ дәрежесінде – Тажи Самат

Барлығы: 2 алтын, 2 қола.

№1. Тараз қаласында наурыз айының 16-20 аралығында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионатында студенттеріміз

4 күміс медальға ие болды.

2 орын – Марухин Данил

2 орын – Курносова Марина

2 орын – Брагинец Вероника

2 орын – Динмухаметов Рамис

Барлығы : 4 күміс

9 мамыр

7-Мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған “Ел мен ердің жеңісі” атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеш мектеп директоры Сапашев Мәлік Абуханұлының құттықтау тілегімен ашылды.

1 мамыр

1-Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Достығымыз жарасқан” тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кешке оқушы-студенттер ыждағаттылықпен дайындалып келді. Мектеп директоры Сапашев. М.Ә. мектеп ұжымын мерекемен құттықтады.Әр елдің салты басқа демекші спортшыларымыз әр бөлім бойынша өздеріне берілген ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдарын дайындап әкелді.

2018 жылдың 27 сәуірінде Халықаралық отбасы күні қарсаңында мектеп- интернат-колледжімізде «Отбасы бақытының болашағы» атты ашық практикалық пікірталас сабақ өткізілді.
Отбасылық бақыттың негізі ретінде, дәстүрлі отбасылық құндылықтарға оң көзқарас қалыптастыру мақсатында спортшы-оқушылар мен студенттер арасында ұйымдастырылды.

Еркін күрестен кадеттер арасында Азия чемпионаты

Ташкент қаласында 08-13 мамыр аралығында еркін күрестен кадеттер арасында Азия чемпионаты өтті. Оқушымыз Ильясов Исламбек қола медальға ие болды!  Жеңісіңіз құтты болсын!

Грек-рим күресінен кадеттер арасында Азия чемпионаты

Ташкент қаласында 27 сәуір 04 мамыр аралығында Грек-рим күресінен кадеттер арасында Азия чемпионаты өтті.