Тәрбие жұмысы
ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР КЕҢЕСІ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ
Оқушыларға қорқытып алушылық пен бұзақылық туралы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс оқылды.
2024 жылғы 22 сәуірде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ -де Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының ЖКК аға жедел уәкілі полиция майоры Сүлейменов Жамбыл Амандықұлымен және полиция капитаны Шалхаров Нұрдәулет Ихсанұлымен бірлескен профилактикалық бағыттағы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның тақырыбы: «ҚР ҚК 194 бап бойынша қорқытып алушылық және 293-б. Бұзақылық туралы».
Білім алушылармен профилактикалық жұмыс - күрделі, уақыт бойынша ұзақ процесс. Мектеп-интернат-колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы ерекше міндеті алдын ала профилактика жүргізу, яғни қалыпты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау: моральдық-құқықтық нормаларды бұзуға бейім білім алушыларды анықтау, педагогтардың мұндай білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және жеке адамның адамгершілік деформациясының себептерін зерделеу, белгілі бір жастағы білім алушыларда туындайтын типтік дағдарыстық жағдайларды уақтылы анықтау, мектептің өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін пайдалану, мектеп-интернаттық колледж іс-шараларын өткізуге тарту болып табылады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 194-бап. Қорқытып алу.
- Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою
немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқық-
ты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) күш қолданып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп;
2) ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық Кодексi 293-бап. Бұзақылық.
1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер оны:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;
2) билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
3) бiрнеше рет жасалса;
4) әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, теміржол көлігінде жасалса, – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер – үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бүгінгі әңгіме сағатының мақсаты: Оқушылар мен студент жастарды ұсақ құқық бұзушылықтарының алдын алу.