Астана қаласында, 2024 жылдың 20 сәуірінде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларын Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламарымен ақпараттандыру және кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен «Колледждер жәрмеңкесі» өткізілді. Бұл, ауқымды іс-шараға, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат- колледжінің оқытушы-ұстаздары қатысып, колледждің білім беру бағдарламасымен таныстырды.
Оқушылар тарабынан қызығушылық пайда болып, келешекте спорттық білім алуға ниет білдірілді.