Жуырда, София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан дәстүрлі "Palms Music" атты халықаралық турниры өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің жетекші екі гимнасшы қыздары қатысып, біреуі жүлделі орынға ие болды.
2023 жылғы Ханьчжоу қаласында өткен (Қытай) Азия ойындарының күміс жүлдегері -
Эрика Жайлауова, осы жолы көпсайыста үшінші орынды иеленсе, доптық бағдарламасы финалында тағы да үшінші орынға табан тіреді.
Мектеп спортшысы Айым Мейіржанова көпсайыс қорытындысы бойынша, ұпай санымен, төртінші орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
Екатерина Есикова бастаған жаттықтырушылар тобына сәттілік тілейміз!