Балалармен жол- көлік  қозғалысы ережелері туралы әңгімелесу  - білім беру мекемелерінің басым міндеттерінің бірі және әрқашан өзекті де  маңызды.

       2024 жылғы 16 сәуірде «Қ. Мұңайтпасов атындағы  ОРРММИК» РММ  жол оқиғаларының  алдын алу бойынша полиция капитаны, патрульдік полиция қызметкерімен кездесу өткізді. Онда жолда жүру ережелерін сақтау, нақты өмірлік оқиғалар мен олардың салдарын талдау тақырыптары қозғалды, жолдағы төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс үлгілері пысықталды. Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтаймыз!».

        Кезекші полкінің патрульдік полиция капитаны Ануарбек Абзал Ануарбекұлы балаларға жол қозғалысы ережелері туралы еске салып, ЖҚО-ға түсуіне әкелетін әдеттегі қателіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар, оқушылар жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбына арналған бірнеше бейнероликтерді тамашалады.

       Абзал Әнуарбекұлы балаларға сұрақтар қойып, жолды кесіп өту-неге апаратынын түсіндірді. Оқушыларды Астана қаласының аумағындағы балалардың қатысуымен болған ЖҚО статистикасымен таныстырып, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқтады. Әңгімелесу соңында полиция қызметкері балаларға жолды абайлап өтіп, өз өмірлеріне мұқият болуға шақырды.        Кездесу соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  А.Қ.Қалиева мен мектеп ұстаздары автоинспекторға қызықты және пайдалы кеңесі үшін алғыс айтса, ал оқушылар жолда мұқият болуға және Жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтауға уәде берді.