Спорттық таңғы жаңалықтарды жерлесіміз Жансель Дениз шулатып еді-өз салмағында ол олимпиадалық таеквондодан халықаралық рейтинг бойынша бірінші орынға көтерілді! Тамаша жәңе заңды жетістік тәжірибелі спортшымыздың!
Ал, ерлер арасында, 87 кг салмақ дәрежесінде, біздің таеквондошымыз, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлегі Дүйсебай Смайыл дүниежүзілік рейтингте тұңғыш рет екінші орынға көтерілді! Керемет және көптен күткен көрсеткіш! Құттықтаймыз!
Анықтама: Дүйсебай Смайыл 1996 жылы дүниеге келген. Бұрынғы ОҚО Жетісай қаласының тумасы. Кәзіргі таңда Шымкент қаласының спортшысы. Жеке жаттықтырушылары: Ризаев Давран, Мамаев Нұрсұлтан. Бірінші жаттықтырушысы: Қ. Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ордасы, таеквондо бөлімінің аға бапкері - Алдабеков Айтжан. Батыр баламыз біздің колледжге 2018 жылы түсіп, 2021 жылы бітірді.
Азия чемпионаты 2018 ж. - 🥇, 2015 ж. - 🥈, 2021 ж.- 🥈орын, жазғы Универсиада 2019 ж. - 🥈орын
Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.