2023 жылдың 23 қырқүйек күні Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 10 «А» сынып ата-аналарымен «Ел ертеңі -жас ұрпақ» бағдарламасы аясында «Бақытты бала- саналы ата- ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысына мектеп психологі Кармысова Гүлмира Сансызбаевна қатысты. Гүлмира Сансызбаевна мен ата-аналар арасында ашық пікір алмасу алаңы қалыптасып, «Буллингті болдырмау» тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналарға нұсқаулықтар берілді және сынып жетекшісінің ата-аналар үшін арнайы әзірлеген тренинг жүргізілді.
Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты.
{gallery}2509233{/gallery}