Жаңалықтар

22-04-2024 07:24
Астана қаласында, 2024 жылдың 20 сәуірінде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларын Техникалық және кәсіптік
18-04-2024 14:45
Бүгің, 18 сәуірде, Астана қаласында орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде
18-04-2024 14:32
          Балалармен жол- көлік  қозғалысы ережелері туралы әңгімелесу  - білім беру мекемелері
15-04-2024 13:05
Жуырда, София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан дәстүрлі "Palms Music" атты халықаралық турниры өтті.Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-к

Біздің мақтаныштарымыз

 

Біздің бөлімшелер


 
  • Мектеп

  • Колледж

  • "Қажымұқан" спорттық-сауықтыру кешені

  • “Олимпиец” сауықтыру-қалпына келтіру кешені

  • Спорттық бөлім

  • Жатақхана

  • Медициналық бөлім

  • Асхана

Ата - аналар, сіздер үшін

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ы.Алтынсарин

Ата - аналар, сіздер үшін

1.Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті;

2.Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс;

3.Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек;

4.Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс;

5.Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек;

6.Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс;

7.Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы;

8.Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық;

9.Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екі жүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс;

10.Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.

Ата-аналардың мектепке келу ережесі

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіптері

  1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
  2. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  3. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс іс-шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  11. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  12. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
  13. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  14. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  15. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
  6. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  7. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  8. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  9. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
Бала қауіпсіздігі

Бала қауіпсіздігі - басты назарда!

Қымбатты Ата-аналар!

Бұл жаднама Сіздерге арналған, өйткені өз перзентіне Ата-анадан жақын адам жоқ. Тек Сіздер ғана өз балаларыңызды зорлық көрсетуден, әр түрлі бақытсыздықтан сақтап қала аласыздар,өз жақындарыңыздың өміріне төнген қауіптен қорғап қала аласыздар, балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелейтін әрекеттердің алдын алуға көмектесе аласыздар!

Сондықтан да балаңыздың «Болмайды - 7» Ережесін меңгеруіне көмектесіңіз:

    1. Көшеде таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе; оларды үйге кіргізбе.
    2. Бөтен адаммен подьезге, подвалға, лифтіге кірме. Өзіңе таныс үлкен адамдардың , не әйел адамның келуін күткенің дұрыс.
    3. Бөтен көлікке үлкендерсіз ( ата-аналар, мұғалімдер, ересек жақындарыңыз) отырма.
    4. Таныс емес, бөтен адамдардан сыйлық алма және олардың үйге немесе басқа да көңіл көтеретін орындарға шақыруына келіспе.
    5. Көшеде, әсіресе іңір қараңғыда жалғыз жүруге болмайды.
    6. Үйде үлкендер жоқ болса, бөгде адамдарға есік ашпа (бөтен кісінің су сұрауы, телефон шалып алайын, ата-анаңа жазба қалдырайын, құжаттар беретін едім деуі мүмкін).
    7. «Келеңсіз адамдар тобына» ( маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және тағы басқалар) жақындама, тіпті олар бір подьездегі көршілерің немесе алыс туыстарың болса да.

Балаға «ЖОҚ!» деп жауап беруді үйретіңіз:

  1. Егер оған қонаққа жүре қал немесе үйіңе жеткізіп тастайын деп ұсыныс айтып жатса, тіпті ол адам көршісі болса да.
  2. Егер мектепке немесе балабақшаға оны алып кетуге бейтаныс адам келсе, ал ата-анасы оған бұл туралы алдын ала ескертпеген болса.
  3. Егер ата-анасы үйде болмаған кезде бөтен адам келіп ( мейлі жүзтаныс болса да) үйге кіргізуді өтінген жағдайда.
  4. Егер бөтен адам оған танысу және бірге уақыт өткізу мақсатымен әр түрлі сыйлық ұсынып жатса.
  5. Егер бөтен адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді немесе дүкенге ертіп баруды, қол жүгін көтерісуді өтініп жатса.

Сіз өзіңіз не істей аласыз:

  1. Жас баланы көшеде бақылаусыз қалдырмаңыз. Егер сіздің балаларыңыз мектеп жасында болса, қайда және кіммен жүргендерін үнемі хабарлап отырсын. Балаңызға қауіпті жерлерде жүруге, сабақты тастап кетуге, қаңғыбас балалармен достасып, бірге жүруіне тыйым салыңыз.
  2. Мектеп ауласында, балабақша айналасында , подьезд маңында мақсатсыз, сенделіп жалгыз- жарым жүрген ер адамнан абай болыңыз. Бұл туралы полицияға хабарлаңыз. Кейде учаскелік полиция қызметкерінің құжат тексеруінің өзі, қылмыскердің бұл ауданнан көзін жоғалтуына жеткілікті.
  3. Қылмыскер машинасын мектеп маңына қойып, автомобиль ішінде балаларды сырттай бақылап отыруы да мүмкін. Егер сіз күдікті машинаны байқасаңыз, нөмірін , түсін, маркасын жазып алыңыз; жүргізушінің немесе машина ішіндегі жолаушының түр-түсін есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бұл туралы мектеп директорына, күзетші қызметкерге хабарлаңыз.
  4. Егер балаңызды сабақтан, үйірме және спорттық секциядан шыққанда жеке өзіңіз қарсы алатындай мүмкіндік болмаған жағдайда,оған сыныптастарымен бірге қайтуын тапсырыңыз.
  5. Балаңызбен өзара сенімге құрылған, жылы, сыйластық қарым-қатынас орнатыңыз. Көбінде, қайғылы жағдайға үйінде ата-анасының жан жылуы жеткіліксіз болған балалар ұшырап жатады.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы

Жас кезінде білім берсең қалай да –
Өсе келе қолы жетер талайға.
Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.

Жүсіп Баласағұн

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.«Ел болам десең, бесігіңді түзе»– деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?!

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер,

дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген.«Отан-отбасынан басталады»деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге отбасы мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал»,- деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен:«Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім»,- деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі»– деген тамаша нақыл бар.

Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым:«Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма»деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан:«Әй балам, анда әкеңдер тұр,әкеңе барып, сәлем бер!»– дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.

Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

Joomla Plugins

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі туралы

 

Қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің сайтына қош келдіңіздер.

Біздің мектеп, жазғы және қысқы Олимпиада спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін даярлайтын жалпы білім беретін мамандандырылған мекемесі болып табылады.

Көпұлтты елімізді Әлемге таныткан атақты тұлғалар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шәмил Серіков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Елена Чебукина, Ольга Кривошеева, Ислам Байрамуков біздің мектептің табалдырғынан шыққан түлектері.

Сайтымыздың парақшаларында мектебіміздің тарихымен, біздің спорттық жетістіктерімен және білім алу мен тәрбие бағыттарымен танысаласыздар.

Сонымен қатар, мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін қойылатын талаптарымен, білім алуға, жаттығу жасауға, спортшылардың тамақтануы және тұрғын орындары жөнінде танысуға болады.

Мекеменің материалдық базаларын көрсетеміз және спорт мектебіміздің болашақтағы даму жоспары туралы айтып береміз.

Біздің мектептің шәкірті болу үлкен абырой! Чемпион болу үлкен құрмет және мақтаныш!

Сіздерді, біздің сайтымызда арқашан көруге қуаныштымыз және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!