Талдықорган каласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында (U-15) өтіп жатқан ҚР чемпионатында, грек-рим күресі бағдарламасында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің  оқушылары Шәміл Досбол (57 кг) және Ахалбек Әбілмансұр (68 кг) чемпиондық атақтарына ие болды. 
Мекемеміздің өткен жылдың "Ең үздік бапкері" номинациясына ие болған жаттықтырушы Дәурен Кегенбаев бастаған бапкерлер тобына алғысымызды білдіреміз.
Жеңіс құтты болсын!
WhatsApp Image 2023 03 02 at 20.36.33
WhatsApp Image 2023 03 02 at 20.36.33 1
WhatsApp Image 2023 03 02 at 20.36.33 2

333885017 715846786686939 1375402726213020575 n Ақпан айының 28-ші жұлдызында ордамыздың мектеп-интернатының демалу залында Ауған соғысының 34 жылдығына орай ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға ауған соғысының ардагері Нұртаев Ғалым Әбдіхамитұлы және ақын, жазушы, бард әнші, желтоқсан оқиғасының куәгері, жастарға патриоттық тәрбие берумен айналысатын қоғам қайраткері Асқар Сағынаев шақырылды. Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған кеш барысында, ауған соғысы ардагері өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға бейбіт өмірдің бағасын білуге, туған жерді қадірлеп, қастерлеуге шақырды. Іс-шара барысында, жиылған қауымға, соғыс жылдарындағы жас сарбаздардың ерлігі мен жау әскерлерінің қақтығыстары бейнеленген " Мен көрген соғыс" деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Спортшы оқушылар ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқып, рухты өрлетер әндерін шарықтата шырқады. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ардак Казтаевна жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ауған соғыс ардагерлеріне өз тілегін айтып, мектеп әкімшілігінің атынан спорттық киімдер табыстады.
https://www.instagram.com/p/CpNpbHLhkz7/?igshid=MDJmNzVkMjY=

333778220 3442501349353228 2399705408965077370 n📣📣НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!📣📣 "ҚАЖЫМҰҚАН АРУЫ-2023"👸 онлайн байқауы.
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз нәзік жандылар мерекесіне орай, «Қажымұқан аруы-2023» онлайн байқауын бастаймыз.

Байқау шарттары:
✅Сайысқа тек 14-22 жас аралығындағы Қажымұқан спорт мектеп-колледжінің білім алушысы қатыса алады;
✅Біздің инстаграмм: @sport_tarbiesi парақшамызға тіркелулі болу қажет;
❌Байқауға қатысу мүмкіндігі 3 наурыздан кейін тоқтатылады.

Байқау ережесі:

🔵 1наурыз - 3наурыз / БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢ: #ҚажымұқанАруы2023 хэштегімен байқау афишасын өз парақшасына жариялап, бізді және 5 досын белгілейді;
1) ұлттық нақышта яғни қазақтың ұлттық киімімен;✅
2) өз спорт түрін көрсететін фотосуретіңізді;✅
3)осы 2фотоны аты жөніңізбен бөліміңізді көрсетіп бізге @sport_tarbiesi дайректке жолдайсыз!✅

🔵 3наурыз - 5 наурыз / НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ: сайысқа өтінім берген барлық қатысушылардың фото суреттері @sport_tarbiesi парақшасында реттік номермен жарияланатын болады. Ең көп лүпіл❤ жинаған 4 қатысушы финалға өтеді.

🔵 ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ / ФИНАЛ:
6 наурыз, байқаудың соңғы күні онлайн дауыс беру басталады. Ол үшін @sport_tarbiesi парақшаның сторис бөлімінде өзіңіз қалаған қатысушыға дауыс бересіз. Онлайн дауыс беру 24 сағат жүргізіледі. Ең көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылып, бағалы сыйлықпен марапатталып, бас жүлденің иегері атанады және қатысушыларға мектеп директоры атынан дипломдар мен сыйлықтар🎁 табысталады. Байқау қорытындысын парақша арқылы сараптай келе, анықтайтын боламыз! Олай болса сәттілік қыздар!!!@qajymuqan.sport @sport_tarbiesi
https://www.instagram.com/p/CpNsCS-B6z7/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Алматы қаласында орналасқан, атақты "Медеу" мұзайдыңында, конькимен жүгіру спорт түрінен, командалық спринте, Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж спортшылары бұл байрақты бәсекеде нәтижелі орындармен көзге түсуде.
Атап өтсек, күміс медаль иегері болып танылғандар: Нұралы Ақжол, Мақсат Мұқаев және Жәрдембек Алтай.

Зере Сарбалина - ученица спортивной школы-интернат-колледжа имени Х. Мунайтпасова, стала обладателем Кубка Казахстана, розыгрыш которого, проходит в городе Алматы, в ледовом дворце спорта "Алматы-Арена". Именно, в самом популярном разряде, среди КМС, она стала обладателем золотой медали Кубка страны.
За два месяца упорной работы с профессиональными тренерами "Академии фигурного катания Элизабет Турсынбаевой" и тесном взаимодействии с личным тренером, Зере стала очень конкурентоспособной фигуристкой в Казахстане. Только в сильной, дружной команде можно добиться хороших результатов!

QR Mädeniet jäne sport ministrlıgı:
Сәрсен Құранбек ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сарсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 

2023 жылдың 5-11 ақпан аралығында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар арасында өткен ҚР чемпионатында Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК оқушы-спортшылары 10 алтын, 6 күміс, 1 қола, барлығы 17 медаль, иеленді. Атап айтар болсақ, жеке жаттығуда ҚР СШ бағдарламасы бойынша Э. Жайлауова командалық біріншілікте-алтын, обруч, булава жаттығуларында - 2 күміс, доп жаттығуында-қола, ҚР СШК бағдарламасы бойынша А. Мейіржанова командалық біріншілік, доп, лента жаттығуларынан 3 алтын, булава жаттығуы мен көпсайыстан-2 күміс медаль иеленді.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің конькимен жүгірушісі Алина Дауранова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Спортшы 500 м қашықтықта үшінші орынға ие болды. Жарыстың жеңімпазы-итальяндық Серена Бергер болса, күміс медальді Нидерланды өкілі Ангела Далеман жеңіп алды.


Бұл кездесуге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері белсене ат салысты. Бірлескен кеште, мекеме оқушылар ақиық ақынның өлең жолдарынан бірнеше жыр шумақтарын оқып, мектеп ұжымына тарту етті.


Сегодня, в Республиканской школе-интернат-колледже олимпийского резерва имени Х. Мунайтпасова чествовали заслуженного тренера Республики Казахстан, тренера-преподавателя отделения плавания данного учреждения Кудрявцева Александра Алексеевича.

Қостанай қаласында коньки жүгіру спортынан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары бұл байрақты бәсекеде жақсы нәтижелермен көзге түсуде.
500 метр қашықтықта мектебіміздің 9 "В" сынып оқушысы Руслан Жанадилов, қарсыластарын шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алды.
1500 метрде де Руслан мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медаль иегері атанды!

Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының таеквондо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкеевті еске алуға арналған "А" санаттағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің еншілеген жүлделері: 5🥇орын 4🥈орын 3🥉орындарды иеленді.