Қостанай қаласында коньки жүгіру спортынан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары бұл байрақты бәсекеде жақсы нәтижелермен көзге түсуде.
500 метр қашықтықта мектебіміздің 9 "В" сынып оқушысы Руслан Жанадилов, қарсыластарын шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алды.
1500 метрде де Руслан мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медаль иегері атанды!


7 "Б" сынып оқушысы Арина Гаврилова да 500 м. жарысында чемпион атанды.
Қайырғазы Абылайхан болса 1500 м. үздік үштікке кіріп қола медальды жеңіп алды.
Соңғы келіп түскен мәліметке сүйенсек, Руслан Жанадилов 1500 метрде жарыс Чемпионы атағына ие болды! Әзірше, қоржынымызда 4 алтын, бір1 қола медаль бар!

WhatsApp Image 2023 02 02 at 18.36.07

WhatsApp Image 2023 02 02 at 18.36.08