Пресс-релиз

 

2021-2022 оқу жылына олимпиадалық резерв колледжіне қабылдау бойынша оқу пәндері және арнайы дене шынықтыру даярлығынан емтихан тапсыру

Бүгін, 2021 жылғы 27 тамызда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» 01140500 мамандығы, «Спорт жаттықтырушысы - оқытушы» 4S01140503 біліктілігі бойынша оқуға түсушілерге емтихандар жалғасты, оның ішінде оқу пәндері және арналған арнайы дене дайындығы бойынша.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларының 7-тармағына сәйкес Олимпиада және Азия ойындарының, әлем, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады. Осыған байланысты көптеген талапкерлер жалпы және арнайы дене шынықтыру даярлығынан емтихан тапсырудан босатылды.

Емтихандар спорт түрлері: еркін күрес, әйелдер күресі бойынша бөлімге түсетін талапкерлер үшін өткізілді. Спортшылар Жамбыл облысының, Қостанай облысының және Нұр – Сұлтан қаласының өкілдері болды.

Спорттық нормативтер«көпір қалпынан айналу», «көпір қалпынан аударылу», «кеудеден асырып лақтыру» жаттығуларын уақыт бойынша орындалды, содан кейін спортшылар жекпе-жек күресін өткізді. Қабылдау комиссиясының мүшелері нормативтердің нәтижелерін хаттамада тіркеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты жоқ тұлғалар қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тіліне сәйкес), Қазақстан тарихы пәндері бойынша түсу емтихандарын тапсырды. Түсу емтихандарының нәтижелерін қабылдау комиссиясы талапкерлердің жинаған балдары ведомосымен ресімдеді.

Тәуелсіз бақылаушы ретінде Мекеменің «Спорт және білім - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты. Қабылдау комиссиясының мүшелері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар байқалмады. Ата-аналардан және өзге де жеке тұлғалардан шағымдар, ескертулер түскен жоқ.

Қабылдау емтихандары барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді. Емтихандарда медицина қызметкері кезекшілікте болды.

2021 жылғы 28 тамызда конкурстық комиссияның ашық отырысында қорытындылар шығарылып, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві колледжінің бірінші курсына оқуға түскен тұлғалардың тізімі жарияланатын болады.

{gallery}270821/new{/gallery}