Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-коледжінде жаттықтырушылар мен колледж студенттеріне арнап спортта допинг қолданудын қажеттілігі жоқтығы туралы семинар ұйымдастырылды.
Спикер ретінде мекеменің спорттық дәрігері Құсайынов Бауыржан Мантайұлы манызды ақпараттар мен бөлісіп, жиналған қауым тарабынан туындаған сұрақтарға жауап берді. 

2022 жылдың 11-ақпанында  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің  8 сыныбында  география пәнінен «Ұдайы өсудің түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ұдайы өсудің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау, дүниежүзі халықтарын ұдайы өсу түрлеріне қарай жіктеу.

Сабақ барысында білімнің жаңартылған бағдарламасы бойынша сынып оқушылары топтарға бөлініп, жаңа заманауи технологиялар арқылы жұмыс жасады. Оқушылар өз беттерімен ізденістің және бірлескен жұмыстың нәтижесінде жақсы білімдерін көрсетті.

Ата - аналар жиналысы

2022 жылдың 17 – 23 қаңтар аралығында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ  онлайн режимде грек - рим, су добы, қыздар футболы, әйелдер күресі, еркін күрес бөлімдерінде «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы» тақырыбында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Бүгін, белгілі ұстаз, спортшы-ардагер, композитор, жазушы, қоғам қайраткері Ерсайын Бариұлы Нарымбаев біздің мектептің мәртебелі қонағы ретінде өзінің творчестволық кешін өткізді.
Кештің тақырыбы мен мағынасы ағамыздың былтыр ғана дүниеден озған жұбайы,  ұстаз, жазушы болған - Аманкелді Қасымқызы Нарымбаеваға арнады.
Ол кісінің тірі кезінде жазып шығарған бір қатар кітаптарының мектеп-интернат балаларына тұсауын кестірді.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқу бөлімі ұйымдастырған іс-шара Ерсайын ағамыздың әндеріне жазылған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ  онлайн режимде  “Covid – 19  және “Омикрон” штамы тақырыбында барлық бөлім оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қалиева Ардақ Қазтаевна және мектеп дәрігері Жангазиева Рита Хайдаровна қатысуымен ақпараттық тәрбие сағаттары өткізілді.  

«Онлайн оқудың  пайдасы мен зияны» туралы дебат өте тартысты, қызықты өтті. Екі фракция оқушылары белсенді қатысты.

Ақиық ақын Мұқағали  Мақатаевтың бүгінгі туған күніне орай  ұйымдастырылған  «Мұқағали  Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешінде оқушыларды жаңа қырынан  таныдық.

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Шорт-тректен 1500 метрге жүгіруден отандасымыз Әділ Ғалиахметов жарысты сегізінші (2:11.584) болып аяқтады.
Тартысқа толы финалдағы жеңіске деген жігері үшін Әділге алғысымызды білдіреміз!
🥇Хван Дэ Хон (Оңтүстік Корея) - 2:09.219
🥈Стивен Дюбуа (Канада) - 2:09.254
🥉Семен Елистратов (Ресей) - 2:09.267

Бүгін, Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві Республикалық мектеп-интернат-колледжінің ұжымы осы мекеменің 11 сынып оқушысы, коньки спорт түрі бөлімшесінің спортшысы, жастар арасындағы Әлем Кубогінің иегері мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алина Дауранованы құттықтап, арнайы марапат көрсетті.
Кездесу барысында мектеп директоры Мәлік Сапашев Алина-қызымызға сәттілік тілеп, 2026 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін келесі қысқы Олимпиада ойындарында Ұлттық құрама командасының сапында жақсы нәтиже көрсететіне сенімділік білдіріп, марапат рәсімін жасады.

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшысы, мәнерлеп сырғанау спорты бөлімшесінің оқушысы Диас Жиренбаев Болгария елінде өткен "София Троффи" атты халықаралық жарыста қола медальді жеңіп алды. Құттықтаймыз!

 

"Қажымұқандық" таеквондошылар 2022 жылдың ақпан айының 5-8 аралығында БАӘ Фуджейро қаласында таеквондодан WT 9 Fujairah Open G-2 рейтингтік халықаралық турнирге қатысты.
Бұл байрақты бәсекеде біздің балаларымызға үш қола медаль бұйырды:

Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан Ұлттық құрама командасы аралас эстафета жарысында бесінші орынға табан тіреді! Ол өте үлкен жетістік!
Бұл жеңіске зор үлес қосқан спортшылар қатарында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлектері аса белсенді болды. Олар: Әділ Галиахметов, Яна Хан және Ольга Тихоновалар.