Дөңгелек үстел

2021 жылдың 7 желтоқсанында ЕҰУ-де «Күш атасы - Қажымұқан» тақырыбында кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. доцент Марчибаева Ұлболсын Саметхановнаның жетекшілігімен Zoom платформасы арқылы және офлайн түрінде конференция өткізілді. Конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», БжҒМ ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, ҚР Самбо федерациясы, сонымен қатар Қажымұқантанушы-зерттеуші, Қ.Мұңайтпасовтың немере-туысы Майра Орынбекқызы қатысты. Өз сөз кезегінде Майра Орынбекқызы конференция ұйымдастырушыларға, Қажымқұан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ұжымына, атап айтқанда оның директоры Сапашев Мәлік Абуханұлына өзінің шексіз алғысын білдіре отырып, қазан айында Конституция көшесінде, спорт кешені алдында орнатылған палуанның ескерткіші мен спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілу рәсімінде болып, риза болып қайтқанын айтты.


ҚР БжҒМ ҰҒП дене тәрбиесі орталығының маманы, доцент Бақытжан Аманханұлы Есжанов «Бізді біл!» фильмінің түсірілу тарихына тоқталса, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры, Жауынгерлік күрес федерациясының Президенті Қожахмет Халық Жақыпұлы Қазақстанның мәдени құндылықтары және жекпе-жек күрес өнері туралы баяндама жасады. Ал мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сералимова Роза Сейілбекқызы «Беріп кеткен тарихқа атын мықтап» тақырыбында баяндама жасады.


Конференция қазіргі кезде Қажымұқанның ізбасардары, әлем рекордсмені, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы Цирюльников Сергей мен самбо күресінің спорт шебері, тамэсивари спорт түрінің рекордсмені Сүлеймен Арманның осыдан ғасыр бұрын Қажымұқан атамыздың жасаған өнерлерін бүгінгі күні қайталап көрсетуін тамашалаумен аяқталды. Қалың шегені, тағаны бұрап жүрек жасауы немесе үш -төрт кірпішті алақанның қырымен қақ бөлуі қатысушы спортшы студенттердің қызығушылығын тудырып, барлығына тамаша әсер қалдырды.



{gallery}11-12-2021{/gallery}