2 қазан 2020 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК жаңаша, қашықтықта, бірақ дәстүрлі, көңілді «Ұстазым менің – Ұстазым!» атты тақырыпта Ұстаздар күні аталып өтілді.

2 қазан 2020 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК жаңаша, қашықтықта, бірақ дәстүрлі, ұстазға деген шынайы ықыласпен көңілді «Ұстазым менің – Ұстазым!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара ұйымдастырды . Мектеп -интернат-колледж директоры Сапашев Малик Абуханович және мектеп әкімшілігі: Кадр жөніндегі инспектор Жунусова Г. Е., Директордың спорт ісі жөніндегі орынбасары Садырбаев Д. А., Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдашаева С.Ж., Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева А.Қ., Директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Омаров Т. М. ұстаздарға құттықтау тілектерін Zoom платформасы арқылы жолдады. Барлық ұстаздар қауымы онлайн режимде қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен ерекше көзге түскен, еңбегі бағаланған ұстаздарымыз мақтау қағаздарына ие болды.

Малик Абуханович Сапашев осы қиын кезде еңбектеніп, болашақ жастарымызға тәлім-тәрбие беріп жатқан ұстаздарға шексіз алғысын білдірді. Әсіресе, 30 қыркүйек күні республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер арасында ашық , қашықтықтан оқыту, онлайн форматта сабақтар өтті. Сабаққа Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің вице-министрі Мусайбеков С.Ж. қатысып, тарих пәнінің мұғалімі Бекежанова Д. Б. ZOOM-платформасы арқылы «Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы» 10 «А» сыныбындағы сабағын ерекше атап өтті.

Тәрбие бөлімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева А.Қ. басшылығымен спорт бөлімімен бірлесе отырып, мектеп-интернатымызды бітірген түлектеріміздің видеоқұттықтауларынан бейнеролик ұйымдастырдық. Актер Қайрат Әділгерей мен мектебімізді бітірген түлектеріміз өз жылы лебіздерін жолдады.

Кебіспаев Алмат греко-рим күресінің балуаны. Грек-рим күресінен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері .

Қандыбаев Жәнібек - балуан, Қазақстанның жасөспірімдері арасындағы алғашқы алтын медаль иегері, республикалық, әлемдік жарыстардың жеңімпазы, біздің түлегіміз!

Акшалов Мерей - . бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған, 2006 жылы Мароккода өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған, 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында дес бермей алтын медальді жеңіп алған, сондай-ақ, соңғы 2010-2012 жылдары «Астана арландары» сапында өнер көрсетіп, 2012 жылғы ҚР біріншілігінде 64 келі салмақта чемпион.

Емельянов Сергей мен Емельянов Тимофей байдарка мен каноэмен есу бойынша әлем Чемпионатының жеңімпаздары.

Ананченко Зоя - байдарка мен каноэмен есу бойынша әлем Чемпионатының жеңімпазы, Олимпиада ойынына қатысушы (2016ж. Рио-Де-Жанейро) Азия ойындарының қола жүлдегері

Турсынбаева Элизабет –Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңірген спорт шебері, Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, ІІ қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы , Пхенчхан (Корея) 2018 жыл. Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері 2019 ж., мәнерлеп сырғанаушы

Сұлтанбеков Дәулет - байдарка мен каноэмен есу бойынша, біздің түлегіміз!

Бейнетаспа «Ұстазым менің -Ұстазым! Біздің мақтаныштарымыз, түлектеріміз өздерінің жылы лебіздерін ұстаздарына арнап, мерекемен құттықтады.Ұстаз - ұлы тұлға, ұлы есім.