2020 жылдың 15 қыргүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

2020 жылдың 15 қыргүйегінде «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-сі ұстаздарының қатысуымен ZOOM  платформасы арқылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиында тарих пәнінің мұғалімдері Н.Я. Макашева мен Д.Б. Бекежанова Жолдаудың негізгі он бір бөліміне тоқталып, әр бөлімнің  жеке мазмұнын түсіндірді. Жолдауда көтерілген негізгі бастамалар – мемлекеттік  басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру бағыттарына түсінік берілді. Соның ішінде АЗАМАТТАРДЫҢ   ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ, ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ деп аталатын бөлімдерге кеңінен тоқталып, білім беру жүйесіндегі өзгерістер, өзекті мәселелерге тоқталып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға арналған реформалармен таныстырды.

Жиын соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ж. Молдашаева сөз алып, Жолдауға қатысты өз пікірін білдіріп, Жолдаудың негізгі бөлімдері бойынша мектебімізде атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.

{gallery}160920{/gallery}