2020 жылдың 26 тамызында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, «Спорт жаттықтырушы-оқытушы» біліктігі бойынша жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы бастау алды.

Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» 2020 жылдың 26 тамызында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, «Спорт жаттықтырушы-оқытушы» біліктігі бойынша жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы бастау алды.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 26 - 29 тамызы аралығында өткізіледі.

ОР колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінетін – 40 орынға Қзақстанның барлық аймақтарынан 13 спорт түрі бойынша 47 талапкер өтініш білдірді. Колледжге қабылдау емтиханының ережісене сәйкес, талапкерлерден өтініш қабылдау бірнеше кезең бойынша өтеді:

бірінші кезең - ағымдағы күнтізбелік жылдың 26 тамызында кәсіби жарамдылықты анықтау үшін, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу бойынша әңгімелесу - ZOOM – платформасы арқылы әңгімелесу өткізілді. Емтихан қабылдау барысында арнайы бақылау камерлары мен ТВ жабдықталған арнайы аудитория ұйымдастырылды. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізілді.

Бірінші кезең «Жас – батыр» спорт кешенінде талапкерлерден жалпы дене дайындығы бойынша арнаулы емтиханымен жалғасып, 27-ші тамызда түсу емтихандарының соңғы кезеңі – арнайы дене дайындығы бойынша сынақтар өткізілді.

Қабылдау емтиханының сапасының жоғары дәрежеде өтуіне ОР колледжінің оқытушылары мен жаттықтырушы оқытушылары өз үлестерін қосты.

Түсу емтихандарының әділ өткізілуі мақсатында емтихан барысына ұжым басшылығы, емтихан комиссиясы және «Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Сақтағанова Айгүл Әбдіғаппаровна, Беков Сәкен Сейлханович, «Спорт және білім – Адалдық Алаңы» жобалық кеңесінің Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК уәкілетті өкілі Омарова Гульмира Жұмабаевна қатысты.

Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылданған студенттер тізімін ұсынамыз.