Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде 27 қараша күні спортшылармен «Түнгі ұйқының спорттық дайындықтың тиімділігіне әсер етуі» атты тренинг өтті. Қатысушылар түнгі ұйқының маңыздығы туралы келесі ақпараттар алды:

1. Зақымдалған тіндерді, соның ішінде бұлшықетті қалпына келтіреді;
2.  Миға күн ішінде алынған ақпаратты сәтті жинауға және сақтауға көмектеседі;
3.  Есте сақтау қабілетін нығайтады;
4. Қажет болған кезде шоғырлануға ықпал етеді.
5. ҰЙҚЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖЕТІСПЕУІ: зейіннің әлсіреуі немесе толық жоғалуы, сондай-ақ маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдаудың қиындауы.
6. Өсу гормоны өндіріледі.
Тренингте жарыс кезіндегі ұйқының болмауының нәтижеге әсер ету мысалдары талданды, спортшылар тақырып бойынша топтық және жеке жұмыс жасады.
Тренингтің аяқталуында оқушылар өз пікірлерің, қандай нәтиже алғандарын ортаға салып бөлісті. Спортшыларға кері байланыс жазбаша немесе ауызша жазу ұсынылды.